13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан СІМ-де АҚШ-тың Ауғанстандағы дипломатиялық миссиясының басшысын қабылдады

4 сентября, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан СІМ-де АҚШ-тың Ауғанстандағы дипломатиялық миссиясының басшысын қабылдады
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев АҚШ-тың Ауғанстандағы дипломатиялық миссиясының басшысы Карен Декерді, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Дэниел Розенблюмді және АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігінің (USAID) өкілдерін қабылдады.

Кездесу барысында тараптар өңірлік қауіпсіздік мәселесіне тоқталып, Ауғанстанның экономикасын қалпына келтіру және ауған халқының жағдайын жақсарту арқылы әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға бағытталған шараларды талқылады.

Өз кезегінде Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетудің маңыздылығын айта келе, Ә. Бақаев Қазақстан Үкіметінің тұрақты түрде Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетіп, ауған студенттерін оқытып және халықаралық ұйымдармен бірге түрлі жобаларды іске асырып жатқандығын хабарлады.

Қазақ дипломаты практикалық ынтымақтастықты дамыту шеңберінде Ауғанстанмен сауда-экономикалық, энергетикалық және көлік-логистикалық байланыстарды нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

АҚШ тарапы ауған халқын ұдайы қолдап отырғаны үшін Қазақстанға ризашылығын білдіріп, Астананың Қабылмен экономикалық ынтымақтастықты дамыту бойынша ұмытылысын оң қабылдады. Сондай-ақ америкалық дипломаттар Ауғанстанмен өзара іс-қимыл жасаудың практикалық тетіктерін дамытудың қажеттілігімен келісті.

Айта кетсек, Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясы басшысының орынбасары болып Дебора Робинсон тағайындалды.

Еуразия Тудей бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының Instagram желісіндегі парақшасында жарияланған мәліметке сілтеме жасап хабарлады.

Instagram желісіндегі жазбада: «АҚШ-тың Қазақстандағы Дипломатиялық Өкілдігі Миссия басшысының жаңа орынбасары Дебби Робинсонды қуана таныстырғысы келеді. Дебби Қазақстанға көрнекті дипломатиялық қызметінің арқасында келді. Біз оның стратегиялық екіжақты серіктестігімізді ілгерілетуде және 30 жылдан астам уақыт бойы АҚШ пен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынасты анықтаған адамдар арасындағы берік байланысты нығайтуда шешуші рөл атқаратынын білеміз. Бізбен бірге Деббиді қарсы алыңыз және оның бізбен бірге болар кезіне тек сәттілік тілеңіз» деп жазылған.

 

Previous Post

Олжас Бектенов Мемлекет басшысының атынан мұнай индустриясының 125 жылдығына орай сала ардагерлеріне марапаттар табыс етті

Next Post

Қазақстан Сыртқы істер министрі Қатар Елшісін қабылдады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі