13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан –Тәжікстан: Бірлескен мәлімдеменің берері мол

23 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан –Тәжікстан: Бірлескен мәлімдеменің берері мол
Share on FacebookShare on Twitter

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон екіжақты келіссөздер аяқталғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап бірлескен мәлімдеме жасады.

Мемлекет басшысы қонақжайлылық танытқаны үшін Президент Эмомали Рахмонға шынайы ризашылығын білдіріп, бауырлас Тәжікстан еліне жасаған мемлекеттік сапарына ерекше мән беретінін атап өтті.

– Бұл сапар өзара құрметке, сенімге және жан-жақты ынтымақтастыққа негізделген қазақ-тәжік қатынастарының дәйекті түрде нығаюына тың серпін береді. Тәжікстан – сенімді досымыз әрі уақыт тезінен өткен одақтасымыз. Екі елді ортақ тарих, мәдениет және рухани құндылықтар байланыстырады. Біз барлық деңгейде тығыз әрі өзара сенімге құрылған саяси диалог орнаттық. Бірлескен күш-жігер арқылы нағыз достық пен тілеулестік рухында ортақ келешектің негізін қалап келеміз, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде Қазақстан мен Тәжікстанның мемлекетаралық байланысы одақтастық қатынастар деңгейіне шыққанын айтты.

– Жаңа ғана біз құрметті Эмомали Шариповичпен Қазақстан мен Тәжік­станның арасындағы Одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қойдық. Бұл – екіжақты ықпалдастықтың мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанымызды айғақтайтын тарихи құжат. Бұдан былай бауырлас халықтар біздің одақтас елдер екенімізді нық сеніммен айта алады. Осы орайда көреген саясаты және қазақ-тәжік қатынасын нығайтуға қосқан зор үлесі үшін бауырлас тәжік елінің көшбасшысы Эмомали Шарипович Рахмонға зор ризашылығымды білдіргім келеді, – деді Мемлекет басшысы.

Президент келіссөз барысында қос тарап бауырлас халықтарды бір-біріне жақындастыруға, қазақ-тәжік қатынасын жан-жақты нығайтуға ұмтылатынын тағы да растағанын жеткізді.

– Елдеріміз арасында ешқандай түйткілді мәселе жоқ. Мұны үлкен ықыласпен атап өттік. Өзара тиімді әрі жан-жақты серіктестікті арттыру үшін алдағы уақытта да барынша күш-жігер жұмсауға уағдаластық. Екіжақты сауда-саттық мәселесіне айрықша назар ауда­рыл­ды. Соңғы бес жылда елдеріміз ара­сындағы жыл сайынғы тауар айналы­мы екі еседен артық өсім көрсетіп, 1 миллиард доллардан асып түсті. Биылғы алты айдың қорытындысы да ойдағыдай, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы өзара сауда-саттықты одан әрі дамытуға екі елдің мол мүмкіндігі бар деп санайды. Мәселен, Қазақстан Тәжікстанға жалпы құны 200 миллион доллар болатын 85 тауар түрі бойынша экспортты ұлғайтуға дайын. Тәжікстан тарапы да Қазақстанға экспорт көлемін арттыру үшін айтарлықтай ресурсқа ие.

– Біз жеткізілетін тауарлардың номенклатурасын кеңейту және елдеріміздің сауда-экономикалық ынтымақтастығын тежейтін кедергілерді кезең-кезеңімен жою, көлік-логистика саласындағы серіктестікті арттыру жөнінде келісімге келдік. Экономикалық кооперацияны күшейту үшін екі ел үкіметтеріне 2027 жылға дейін өзара тауар айналымын ұлғайту туралы жол картасын қабылдауды жеделдету жөнінде тапсырма бердік. Келешекте өзара сауда-саттық көлемін 2 миллиард долларға дейін жеткізуге, тіпті одан асыруға мүдделіміз. Тауар айналымын арттыруға агроөнеркәсіп секторы айтарлықтай үлес қоса алады. Биылғы алты айдың қорытындысы бойынша елдеріміздің бірі-біріне ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу көлемі 12 пайызға ұлғайып, бұл бағыттағы сауда айналымы 300 миллион долларға жуықтады, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, тараптар ұн тарту өнеркәсібін дамыту, өсімдік майын, кондитерлік және мал шаруашылығы өнімдерін шығаратын бірлескен кәсіпорындар құру мүмкіндіктерін қарастыруға уағдаласқан. Президент қазіргі кезде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, цифрландыру және экономиканың басқа да салаларында бірқатар ауқымды жоба әзірленіп жатқанын айтты.

– Душанбеге сапарымның қарсаңында қазақ-тәжік бизнес форумы өтті. Оның шеңберінде бірқатар коммерциялық келісімшартқа қол қойылды. 1 миллиард доллардан астам сомаға келісімдер жасалды. Осыған байланысты біз Эмомали Шариповичпен бірге қол жеткізілген уағдаластықтарды толық іске асыру туралы тапсырма бердік. IT-секторындағы ынтымақтастық екі мемлекет үшін зор мүмкіндіктерге жол ашады. Еліміз мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және IT-технологияларды дамыту бағытындағы тәжірибесімен бөлісуге дайын. Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластық аясында тәжік тарапына Электрондық үкімет платформасының цифрлық шешімдерін бердік. Қазіргі кезде KazAID Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің ұйымдастыруымен тәжік мамандары еліміздің озық IT-мектептерінде білім алып жатыр. Мұндай тәжірибе алмасу IT-мамандарымыздың біліктілігін арттыруға оң септігін тигізетініне сенімдімін, – деді Қазақстан Президенті.

 

Previous Post

Қазақстан – Тәжікстан: ІТ саласындағы тиімді байланыс

Next Post

Қазақстан – Тәжікстан : Қос халықты жақындастыратын маңызды іс-шаралар

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі