13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан – Тәжікстан: ІТ саласындағы тиімді байланыс

23 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан – Тәжікстан: ІТ саласындағы тиімді байланыс
Share on FacebookShare on Twitter

Шағын құрамда өткен келіссөзден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмома­ли Рахмонға Электрондық үкімет саласын­дағы ынтымақтастық туралы есеп берілді.

Президенттерге биыл екі елдің маман­­дары Интернет-ресурстардың бірың­ғ­ай платформасы мен SmartBridge жүйе­лерінің негізгі компоненттерін Тәжікстан серверлерінде сәтті орналас­тырғаны жөнінде баяндалды.

Қазақстанның Цифрлық даму, инно­­ва­­циялар және аэроғарыш өнер­кәсібі ми­нистрі Жаслан Мәдиев пен Тәжік­стан­ның Инновациялар және цифрлық тех­­нологиялар агенттігінің директоры Мир­­зо Хуршед тәжік мамандарының ар­найы оқу курсынан өткенін жеткізді. Қазір Тәжік­станның мемлекеттік орган­дарына ар­налған сайттарды әзірлеу жұ­мыс­­тары қол­ға алынып, IT-шешімдер­ді инте­гра­ция­­лау ісі егжей-тегжей пысықталып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмонға мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін және тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллект технологияларын пайдалану мүмкіндіктері жайында мәлімет берілді. Бұл екі ел арасындағы ынтымақтастықтың ең келешегі зор бағытының бірі болмақ.

 

Кеңейтілген құрамдағы келіссөз

Мемлекеттер басшыларының шағын құрамдағы кездесуінен кейін ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізілді.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мем­лекеттік сапардың басты мақсаты достыққа және өзара қолдауға негіздел­ген қазақ-тәжік қатынастарын мүлдем жаңа деңгейге көтеруді көздейтін ортақ мұратқа сай келетінін айтты. Осы орайда Мемлекет басшысы бүгін қол қойылатын Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы шарттың айрықша маңызына назар аударды.

– Аталған тарихи құжат көкжиегімізді кеңейтіп, көпжақты байланыстарымызды одан әрі нығайтудың негізін қалайды. Одақтастық қатынастарды дамыту жолындағы бірлескен әрекетіміз тұтас Орталық Азия өңірінің орнықты дамуы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, құрметті Эмомали Шарипович, қазақ-тәжік ықпалдастығын кеңейтуге елеулі үлес қосқаныңыз үшін Сізге ризашылығымды білдіремін. Шуақты Душанбе қаласына келген сайын зор қуанышқа бөленемін. Әрдайым оң өзгерістерге куә боламын. Сіздің еліңізде жүргізіліп жатқан экономикалық реформаларды ерекше ықыласпен бақылаймыз, жетістіктеріңізге куә болып отырмыз. Достас әрі одақтас ел ретінде бұған шын ниетімізбен қуанамыз,– деді Президент.

Мемлекет басшысы қазақ-тәжік ынтымақтастығы барлық бағытта қарыштап дамып келе жатқанын айтты.

– Шын мәнінде, алдыңғы кездесулер барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың бәрі дәйекті түрде жүзеге асырылып жатыр және екі ел үкіметтерінің бақылауында тұр. Мұны өзім де қадағалап отырмын. Өткен айда премьер-министрлердің орынбасарлары деңгейінде Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға қатысу­шылар екіжақты ықпалдастық тетіктерін егжей-тегжейлі талқылады. Мақсатымыз – өзара сауда-саттық көлемін 2 миллиард долларға жеткізу. Менің ойымша, бұған елдеріміздің әлеуеті жетеді, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мәдениет күндерін ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы, атап айтқанда, Душанбенің орталығын­да қазақтың бас ақыны, хакім Абай Құнанбайұлының ескерткіш-бюстін орнатқаны үшін тәжік тарапына алғыс айтып, мұндай іс-шаралар ортақ рухани-мәдени құндылықтарымызды байыта түсетініне назар аударды.

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қою ұзақмерзімді перспективада мемлекетаралық байланыстарды жаңа деңгейге көтеретінін айтты.

– Бұл халықтарымыздың түпкілікті мүддесіне сай келеді деп сенемін. Сіздің бүгінгі сапарыңыз аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады. Қазақстанның мәдениет күндері, Қазақ киносының күндері өтеді. Екі елдің зия­лы қауым өкілдері, ғалымдар, әйелдер мен жастар, кәсіпкерлер бас қосады. Мұның бәрі қос мемлекет пен халықтың достығы берік, бір-біріне жақын екенін әрі ынтымақтастығымыз нығайып келе жатқанын көрсетеді, – деді Эмомали Рахмон.

Кездесу барысында агроөнеркәсіп, су-энергетика, көлік-транзит салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың негізгі басымдықтары мен міндеттері айқындалды. Тараптар бірлескен жобаларды іске қосуға, сондай-ақ бизнеске қолайлы жағдай жасауға баса мән беруге уағдаласты.

Сонымен қатар келіссөздер кезінде цифрландыру, білім беру және ғарыш технологияларын пайдалану бағыттары бойынша өзара тиімді серіктестік аясын кеңейтудің мүмкіндіктері қарастырылды.

 

 

Previous Post

Қазақстан мен Германия білім беру, су ресурстары және ауыл шаруашылығы салаларындағы жаңа жобалар туралы уағдаласты

Next Post

Қазақстан –Тәжікстан: Бірлескен мәлімдеменің берері мол

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі