13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан – Тәжікстан : Қос халықты жақындастыратын маңызды іс-шаралар

23 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан – Тәжікстан : Қос халықты жақындастыратын маңызды іс-шаралар
Share on FacebookShare on Twitter

Сонымен қатар брифингте көлік-транзит және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері жан-жақты талқыланғаны айтылды.

– Біз Орталық Азияның транс­шекаралық өзендерінің ресурсын рационалды пайдалану үшін өзара үйлесімді жұмысты жалғастыру жөнінде уағдаластық. Қазақстан су-энер­­­ге­тика саласындағы міндеттемелерді орындағаны, нақтырақ айтқанда, еліміз­ге су жеткізуге байланысты шешімді уақтылы қабылдағаны үшін тәжік тарапына алғыс айтады. Бұл – біз үшін өте маңызды. Өз кезегінде еліміз «Бахри Точик» су қоймасының жұмыс режі­міне қатысты үшжақты хаттамада көр­сетілген барлық міндеттемені орындайды. Аталған бағытта конструктивті ынтымақтастықты жалғастыруға ниет­тіміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту келіссөздерге арқау болғанын жеткізді.

– Өткен жылы Қазақстан қалаларында Тәжікстанның мәдениет күндері мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі табысты өтті. Бұл жолғы сапар аясында Душанбе, Худжанд және Бохтар қалаларында қос халықтың арасын жақындата түсуді көздейтін маңызды іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Сонымен қатар жастар арасындағы байланысты жандандыруға, әсіресе, білім саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге екі тарап та мүдделі екенін растадық. Сапар қарсаңында екі ел жастарының, ғалымдары мен зиялы қауым өкілдерінің басын қосқан форум сәтті өтті. Қазақстан өңірдегі елдер ішінде Тәжікстаннан келетін студенттерге ең көп білім грантын бөледі. Біз білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға келістік. Тәжікстанның мамандарын даярлауға және тәжік әскери-техникалық мамандарын оқытуға қосымша мүмкіндіктер қарастырамыз. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен М.Осими атындағы Тәжік техникалық университетінде бірлескен ақпараттық технологиялар факультетінің ашылуын құптаймыз. Мұндай жаңалықтардың мән-мағынасы зор әрі халықтарымыз мұны ерекше ықыласпен қабылдары сөзсіз, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасқанын атап өтті.

Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевпен жүргізген келіссөздердің қорытындысына көңілі толатынын жеткізіп, екі елдің ынтымақтастығын жоғары бағалады.

– Бүгінгі өзара сенімге құрылған келіссөздер барысында біз тұрақты сая­си диалогті одан әрі қолдауға дайын екенімізді тағы да растадық. Осының негізінде қазақ-тәжік байланыстарының құқықтық базасын айтарлықтай нығайтатын бірқатар маңызды құжат бекітілді. Одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қойылды. Мұның тари­хи мәні зор екенін атап өткім келе­ді. Бұл маңызды құжат екі елдің ын­ты­мақтастығы жылнамасының жаңа парағын ашады және стратегиялық серіктестігіміздің мығым іргетасы болады, – деді Тәжікстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстанның Тәжікстандағы мәдениет күндеріне арналған салтанатты концертті тамашалады.

«Кохи Борбад» сарайында өткен гала-концертте Қазақстан мен Тәжікстан­ның өнер майталмандары, соның ішінде «Astana ballet» балет труппасы мен симфониялық оркестрі, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры­ның хоры, Hassak этнофольк тобы және тағы да басқа шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Сахнада қос халықтың танымал музыкалық шығармалары мен әлемдік классика репертуарынан үзінділер орындалып, хореографиялық композициялар ұсынылды. Бауырлас тәжік халқы Димаш Құдайберген, Айгүл Үлкенбаева, Темірлан Бейсембай (Ratovich), «El Voice» тобы, Фарух Тохтамуратов (Adam) сияқты мәдениет қайраткерлерінің өнерін тамашалады. Қазақстанның мәдениет күндері аясында Душанбе, Худжанд және Бохтар қалаларында мәдениетаралық байланыстарды кеңейтуді көздейтін бірқатар маңызды іс-шара өтеді.

Осы аптада Әбілқасым Фирдауси атындағы мәдениет және демалыс саябағында қазақтың бас ақыны, хакім Абай Құнанбайұлының ескерткіш-бюсті салтанатты түрде ашылды. Бұдан бөлек, Ұлттық музейдегі бірегей жәді­герлерден жасақталған қазақ халқы­ның сәндік-қолданбалы өнерінің көрмесі және отандық кинематографтар түсірген фильмдердің көрсетілімі ұйымдастырылды.

 

 

Previous Post

Қазақстан –Тәжікстан: Бірлескен мәлімдеменің берері мол

Next Post

Carlsberg Қазақстанда алкогольсіз сусындар шығаратын жаңа жобаны жүзеге асыруды жоспарлауда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі