13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Павлодар облысының бизнес-қауымдастығымен кездесу өткізді

17 августа, 2024
in Uncategorized
0
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Павлодар облысының бизнес-қауымдастығымен кездесу өткізді
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов жұмыс сапары аясында Павлодар облысы кәсіпкерлермен және инвесторлармен Қазақстандағы инвестициялық және кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша кездесу өткізді. Атап айтқанда, қатысушыларға Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа, «Жасыл дәліз» тетігі және инвесторларды таргеттеудің жаңа тәсілі туралы толық ақпарат ұсынылды.

Өз сөзінде Ә. Қуантыров Павлодар облысының айтарлықтай инвестициялық мүмкіндіктерін атап өтті.

«Павлодар облысы еліміздің басты индустриялық аймақтарының бірі бола отырып, жоғары өнеркәсіптік әлеуетке ие. Бай табиғи ресурстар және дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның болуы инвесторлардың назарын аударады. Біздің алдымызда 2029 жылға қарай ішкі жалпы өнімді 450 миллиард АҚШ долларына дейін екі есеге арттыру және 150 миллиард АҚШ доллары инвестиция тарту жөніндегі стратегиялық міндет тұрғанын білесіздер, осыған байланысты біз инвестициялық жобаларды іске асыруда барынша қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді Министрдің орынбасары.

Отырыс барысында облыстың бизнес-қоғамдастық өкілдері түйткілді мәселелерді, соның ішінде электр энергиясы тарифтері мен газбен жабдықтауға қатысты мәселелерді шешуді сұрады.

Павлодар облысына сапары аясында Ә. Қуантыров пен Г. Оспанқұлов «Нефтехим LTD» ЖШС, «Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ өндірістік алаңдарын, сондай-ақ Екібастұз қаласындағы теміржол кластерінің объектілерін аралады.

«Нефтехим LTD» – метил терт-бутил эфирінің (МБТЭ) өндіруші зауыты, онда 950-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Жылына зауыт Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей сияқты елдерге экспортталатын 20 мың тонна МБТЭ, 70 мың тонна полипропилен, 50 млн тоқылған полипропилен қапшықтары мен 10 мың тонна эпоксидті шайыр компаундын шығарады. Қазіргі уақытта компания тоқыма емес материалдарды өндіру жобаларын іске асыру бойынша мүдделі инвесторлармен ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыруда.

Қазақстандық электролиз зауыты – қуаттылығы жылына 250 мыңға дейін алюминий өндіретін Қазақстандағы жалғыз алюминий өндірушісі. Зауытта 2,5 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді, ал өткізу нарықтары Түркия, Нидерланд, Бразилия, АҚШ, Италия, Норвегия және т.б. елдерді қамтиды.

Зауыт басшыларымен кездесу барысында делегация басшылары өндірісті кеңейту және өнімді тереңірек өңдеуді қамтамасыз ету үшін халықаралық инвесторларды іздеуге көмектесуге келісті.

 

Previous Post

«ӘНІМ СЕН ЕДІҢ»: Шымкентте Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған гала-концерт өтті

Next Post

ҚАРАҚҰРТ- УЫ БЕЛСЕНДІ ЖӘНДІК

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі