13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«ӘНІМ СЕН ЕДІҢ»: Шымкентте Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған гала-концерт өтті

16 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
«ӘНІМ СЕН ЕДІҢ»: Шымкентте Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған гала-концерт өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Концерттің соңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың композитордың шығармашылығына арналған ықылас гүлі табысталды. 15 тамыз күні Шымкентте қазақ вальсінің королі даңқты композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай, Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Әнім сен едің» гала-концерті өтті. Шымкент қаласында қазақ вальсінің королі, даңқты композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай ерекше мәдени іс-шаралар өтті. Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «Әнім сен едің» гала-концерті халықтық сипатта ерекше ықыласпен қабылданды. Шараның басты мақсаты – Шәмші Қалдаяқовтың халық жадында мәңгілікке сақталған есті әндерін насихаттау мен қайта жаңғырту. Концерт «Шәмші әлемі» гүлзарында өтті және композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетілді. Концерттік бағдарламада композитордың кеңінен танылған 20-ға жуық шығармалары орындалды, оның ішінде «Ана туралы жыр», «Ақ маңдайлым», «Бақыт құшағында», «Өмір-өзен», «Сыған серенадасы» сияқты әндер бар. Гала-концертке Шымкент қалалық опера және балет театрының солистері, «Шымкент концерт» концерттік ұйымының өнерпаздары, «Қазына» және «Яссы» би ансамбльдері, сондай-ақ, «Shamshi» әншілер байқауының жеңімпаздары қатысты. Шара соңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков композитордың шығармашылығына арналған ықылас гүлін табыстады. Бұл күн, Шәмші Қалдаяқовтың 94 жылдығына орай, «Шәмші әлемі» гүлзарындағы композитордың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі де өтті. Қаланың мәдениет саласының өкілдері, өнерпаздар мен зиялы қауым композитордың рухына тағзым етті. Сонымен қатар, Абай атындағы қалалық кітапханалар желісінің №2 кітапханасында да Шәмші Қалдаяқовты еске алу шарасы өтті. Шәмші Қалдаяқовтың әндері қазақ мәдениетінің баға жетпес мұрасы ретінде халық жүрегінде мәңгілік орын алған. Оның «Менің Қазақстаным» атты патриоттық әні 2006 жылы Қазақстанның мемлекеттік Әнұраны ретінде қабылданып, сол жылдың қаңтарында Ақорда сарайында алғаш рет орындалды. Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығы бүгінгі күнге дейін ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, халық сүйіспеншілігіне бөленіп келеді.

Previous Post

Инфекцияларды алдын-алу бойынша облыстық семинар өткізілді

Next Post

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Павлодар облысының бизнес-қауымдастығымен кездесу өткізді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі