13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

ҚАРАҚҰРТ- УЫ БЕЛСЕНДІ ЖӘНДІК

19 августа, 2024
in Денсаулық
0
ҚАРАҚҰРТ- УЫ БЕЛСЕНДІ ЖӘНДІК
Share on FacebookShare on Twitter
Ағымдағы жылдың 7 айында облыс бойынша қарақұрт шаққан 116 адам дәрігерлердің көмегіне жүгініп, стационарлық ем қабылдады.
Қарақұрт деген не?
Қарақұрт (лат. Latrodectus tredecimguttatus), табиғатта әсіресе шөлейтті жерлерде кездесетін қара түсті өрмекшілер түрі. Бұл жәндік алғаш рет 1790 жылы Италияндық энтомолог маманы Пьетро Росси сипаттаған. Қара түсті өрмекшінің он үш қызыл дағы бар, кей жағдайда дақтар тұтасып тұрады. Толығымен қара түсті, дағы жоқ түрлері де бар (аталықтары қоңыр түсті болуы мүмкін). Денесі 7-15 мм болатын аналықтар әдетте аталықтардан үлкен болады (4-7 мм).
Өрмекшілер құрғақ жерлерде және төмен өсімдіктер арасында, жерге жақын өмір сүреді. Қарақұрттар шөлді және далалы жерлерде көбейеді. Қатты ыстық олардың жылдам көбеюіне әсер етіп, улылық деңгейін арттырады. Аналықтар қауіпті саналады.
Олар үшін ең қолайлы ауа райы – ыстық, ұзақ жаз және қысқа, жылы қыс. Аналық өмір сүру үшін және көбею үшін топырақты, көбіне кеміргіштердің індерін таңдайды. Қарақұрттар тұрғын үйлердегі еден мен жерқоймаларда да пайда болуы мүмкін. Маусымда өрмекшілер көбеюге дайын болады. Ыстық түскенде аналықтар мен аталықтар миграцияланып, қорғалған жерлер іздейді де, сол жерге уақытша тор тігеді.
Қарақұрт шақса не істеу керек?
Қарақұрт аналығының шағуы адамдар үшін де, жануарлар үшін де қауіпті. Адамды қарақұрттың шағуы ауыр салдарға алып келеді, көбіне қатты ауырсынумен қатар жүреді. Оның шағуы екпе салғандай әсер қалдырады және 1-2 минуттан кейін сол жер қызарып, көк-қызыл дақ пайда болады. Алғашқы сағатта ауырсыну күшейе береді және іш пен аяқ-қолдар ауырады. Көбіне 70% жағдайда тершеңдік болады. Қалған жүйелі эффектілер 20-30% жағдайда кездеседі (жүрек айнуы, құсу, температураның көтерілуі, артериалды гипертензия). Ауырсыну әдетте 1-2 күн жалғасады, қалған симптомдар 1-4 күнге созылады.
Қарақұрт шаққан жерді ауруханаға жеткенше барынша қозғалтпай, қатты ауырсынуды басу үшін дәрі ішу керек. Өрмекшінің уы созылмалы аурулары бар адамдар үшін өте қауіпті.
Қарақұрт шағып алған жағдайда шұғыл түрде зардап шеккен адамды кез-келген ауруханаға тасымалдау керек, себебі оның салдары өлімге әкелуі мүмкін.
Қалай қорғану керек?
Сарапшылар қарақұрттардың мазасын алмаса, оның адам мен жануарларға шаппайтынын айтады. Улы өрмекші анықталған жағдайда сабыр сақтап, оны баспай, қандай да бір затпен түсіріп жіберуге кеңес береді.
Табиғат аясында қарақұртты кездестіріп қалмас үшін сақтану шараларын ұстану керек
Далады жерлерде жалаң аяқ жүрмеу;
Жабық аяқкиім кию;
Палатка есігін қатты жабу;
Киім мен аяқкиімді кимес бұрын мұқият қарап шығу.

Искаков Аскар Бекболатұлы

ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы орынбасары

Previous Post

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Павлодар облысының бизнес-қауымдастығымен кездесу өткізді

Next Post

ТҮРКІСТАНДА «KONE TURKI DASTURI» АТТЫ ЭТНОФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі