22 қаңтар күні сағат 14.30-да Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын түсіндіру туралы» баспасөз конференциясы өтті.
Спикерлер ретінде:
— «БЖЗҚ» АҚ филиалының директоры Шарипов Мұрат Тұрсынұлы;
— «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» басқармасының төрайымы Ибрагимова Ләззат Еркенқызы;
— «Отбасы банк» АҚ тұрғын үй құрылыс банкі орталық филиалының директоры Матаев Жансұлтан Орынбекұлы;
— Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Дауылбаев Еркебұлан Әбілханұлы сөз сөйледі.
Естеріңізге сала кетейік, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы жылдың 21 қаңтарында Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелерін бекітті.
Азаматтар өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін:
— кепілдік болған кезде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша тұрғын үй сатып алу кезінде немесе акт болған кезде көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті беру туралы шарт жасасу кезінде, сондай-ақ жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда, жеке тұрғын үй салу үшін толық есеп айырысу;
— ипотекалық қарыз алу, тұрғын үй сатып алу, берешекті өтеу, банктер арқылы ипотеканы қайта қаржыландыру үшін бастапқы жарна ретінде;
— тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша жер учаскесін сатып ала отырып, тұрғын үй сатып алуға немесе жеке тұрғын үй салуға арналған ипотека бойынша берешекті алу, қайта қаржыландыру өтеу;
— ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде тұрғын үй сатып алу және осындай қаржыландыру бойынша берешекті өтеу;
— тұрғын үй құрылысы және дағдарысқа қарсы бағдарламалардың шеңберінде сатып алу құқығымен берілген баспананы ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берешекті өтеу үшін пайдалануына рұқсат етіледі.
Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына бір банктік қарыз шарты шеңберінде ипотекаға қарыз алған кезде жол беріледі.
Қолданыстағы заң шеңберінде зейнетақы жинақтарын мақсатсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік және тұрғын үй алушының жұбайы мен жақын туыстарынан баспана сатып алуы бойынша шектеулер қарастырылған.
5 жылдан астам өтеу мерзімі бар біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып, меншікке ресімделген, өтелмеген берешегі бар ипотекалық тұрғын үйді 5 жыл ішінде өткізуге жол берілмейді.
«Отбасы банк» және екінші деңгейдегі банктер азаматтарға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті операторы бола алады.
ЭЦҚ (электрондық-цифрлық қолтаңба) арқылы немесе өзге электрондық тәсілмен уәкілетті оператордың интернет — ресурсында авторизациялау, жеке кабинет ашу және арнайы шот ашуға өтінім беру маңызды.
Арнайы шотты ашқаннан кейін оның нөмірін, пайдалану мақсатын, қолжетімді соманы, жеке табыс салығын ұстап қалу және аудару тәсілдерін көрсете отырып, төлемге электрондық өтініштерді толтыру қажет.
Төлем алуға «Отбасы банк» арқылы жүгінген жағдайда құжаттар 45 жұмыс күні ішінде ұсынылады, ал өтініш екінші деңгейдегі банктер арқылы берілген жағдайда құжаттарды дереу ұсыну қажет.
Сонымен бірге, 2021 жылдың 23 қаңтарынан бастап «Отбасы Банк» зейнетақы жинақтарын пайдалануға өтінімдерді қабылдау үшін Онлайн-платформаны іске қосады, ол дүйсенбіден сенбіге дейін қоса алғанда 9:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді, жексенбі — демалыс күні.