13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Бізге «саудагер» емес, іскер әкім керек!». Шымкенттік журналист қала әкімінің жұмысын сынға алды

22 января, 2021
in Қоғам
0
«Бізге «саудагер» емес, іскер әкім керек!». Шымкенттік журналист қала әкімінің жұмысын сынға алды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте жауған қардың салдарынан коммуналдық қызметтің жағдайы белгілі болды. Қаладағы бірнеше шағын аудандарда жарық пен жылу сөніп, қақаған аязда халық әбіржіп қалды. Тұрғындардың мәселесін көтеріп, қала әкімінің жұмысын сынға алған белгілі журналист Мөлдір Бекеева әлеуметтік желіде шахар басшысына базынасын жеткізді.

«Айтсаң — айтты дейді, айтылмаса — сөздің атасы өледі», — деуші еді ғой қазекең. Қайтеміз енді? Айтамыз! Бүгін Шымкентте қар жауған (түн ауа басталды), Елордадағыдай бұрқасын деп ойлап қалмаңыздар тағы) Жәй кәнігі тобыққа жетер-жетпес шамадағы қар ғой. Жыл он екі ай күн күлімдеп тұратын қалада бұл әжептеурім «жаңалық» болғанын да жасырмаймыз. Әсіресе, қала билігі — қала әкімдігі үшін! Әдетте фейсбук пен өзге де әлеуметтік желілерде «#әкіміміз_әйтенов немесе #мега, мегаполиспіз» деген хэштегпен атойлатып жазба қалдырушы «жағымпаздардың» да бүгін үні өшкен! Себебі, қалаға қар түскені сол — әлгі мегаполисіміздегі бір емес, бірнеше шағынаудандарда (Асар-2, Азат, Самал-1, Самал-2, Көкбұлақ, Самал-3, Игілік, Қайтпас-1, Ақжайық, Достық, Жаңаталап,Ынтымақ, Забадам, Азат, Тельман, Солтүстік Батыс) жарық, жылу жүйелері істен шықты. Иә, тұрғындар қаңтардың қара суығында жарықсыз және жылусыз қалды. Шақалақтары барлар да жандарын қоярға жер таппай, қазір жан-жақтан жан ұшыра хабарласып жатыр.  Қайтсін енді? Көмекті биліктен емес, әдеттегідей сол журналистерден іздейді ғой. Ааа…айтпақшы, «Асар-2» шағынауданында өткен жылы (тұрғындар әлі жыл толған жоқ дейді) су жаңа бағаналар (столбалар) қойылған екен. Эххх, өкініштісі сол — әлгі «сұмдық» сапалы делінген бағана қазір құлап жатқанға ұқсайды… Неткен сапа бұл деймінде) Неткен сапа??? Қайдан және қанша қаржыға алынып, қойылды екен деген сауал туындайды ғой көкейде… Әйтеновтың қаржыны игерудегі іскерлігіне шүбәміз жоқ  екенін бір жетіден бері желі белсенділері айтып та, жазып та жатыр. Бірақ, арасында «жесткий торг» (аукцион) мәселесінен бөлек, қараша халықтың коммуналдық мәселелеріне де көңіл бөлуіне болады ғой?! #Әйтенов кет емес, кел… Мәселені көр деп жатырмыз! Нәтиже бар ма? Халық күтуден шаршады! Сіз және командаңыздың құдалықтың думанды дастарханын жасап, алдын ала тойлауға уақыты бар да, бірақ халықтың мәселесін қарауда дым уақыты жоқ екеніне бүгін тағы да куәгер болып отырмыз… Көрнекті тұлға Асанбай Асқаровтың көзіндей болған нысанға көз тігіп, шүйліге бергенше еңңң алдымен… халықтың қамын қарық қылып алшы, Әйтенов!…деуден басқа тағы да амалымыз қалмады! Сау бол! Бізге «саудагер» емес, іскер әкім керек!

Әлеуметтік желіде Мөлдір Бекееваның пікірін қолдаушылар саны аз болмады. Желі қолданушыларының бірі «Көңілім толмайды Әйтеновке,Ғабидолла дұрыс әкім еді» деп, ағынан жарылса, енді бірі «ол розовый очкиді шешпей, қаланың проблемасын көрмейді» деп, журналистің жазбасын қуаттай түсті.

Айта кетейік, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өткен жылы қараша айында коммуналдық қызметтің дайындығын пысықтап, қысқа сақадай саймыз деп мәлімдеген болатын.

Фото мен пікірлер Фейсбук әлеуметтік желісіне алынды.

Tags: 13kz13kz.kz13кзкоммуналдық қызметМұрат ӘйтеновШымкент
Previous Post

Біржолғы зейнетақы төлемдерін қалай пайдалануға болады?

Next Post

Шымкентте дүкенді тонап кетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі