13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте «Тең қоғам» орталығы ашылады

21 января, 2021
in Қоғам
0
Шымкентте «Тең қоғам» орталығы ашылады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында осы жылы мүмкіндігі шектеулі жандардарды қолдау үшін бюджеттен 3,2 млрд теңге қаржы қаралып отыр. Бұл қаражат 22 мыңнан астам ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға арнайы құралдар сатып алу үшін және түрлі деңгейдегі әлеуметтік қызмет көрсетуге бағытталады.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Қ.Сайлауов әкімге берген есебінде осылай деді.

Басқарма басшысының сөзінше, биыл қалада мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кешенді қызмет көрсететін арнайы орталықтың ашылуы жоспарланған.

–  Биыл наурыз айында ерекше қорғалған жандарды қолдау мақсатында «Тең Қоғам» орталығын құруды жоспарлап отырмыз. Орталықта мамандар құқықтық кеңестер мен бағыт береді. Азаматтардың сұранысы мен мүмкіндігіне қарай жұмыспен қамту шараларына тартып, кәсіпке баулиды. Тұрғын үймен қамту мәселелеріне қатысты кеңестер де ала алады. Осы мекемеде aleumet.egov.kz порталы арқылы өздеріне тиесілі түрлі әлеуметтік қызметтерга тапсырыс беруге мамандар көмектеседі,-деді ол.

Сонымен қатар ерекше қорғалған азаматтар үйден шықпай-ақ электрондық қолтаңбамен  http://aleumet.egov.kz сілтемесі арқылы әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндігі бар. Портал арқылы таңдалған тауар азаматтың  үйіне жеткізіледі немесе  қоймадан өзі алып кете алады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз«Тең Қоғам»Шымкент
Previous Post

ҚР Премьер-Министрі Түркістан қаласының даму барысын тексерді

Next Post

Біржолғы зейнетақы төлемдерін қалай пайдалануға болады?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі