13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚР Премьер-Министрі Түркістан қаласының даму барысын тексерді

21 января, 2021
in Жаңалықтар
0
ҚР Премьер-Министрі Түркістан қаласының даму барысын тексерді
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Түркістан қаласының инфрақұрылым нысандарының құрылыс барысын тексерді. Үкімет басшысы инвестициялық жобалардың —  «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенінің, JCI халықаралық стандарты бойынша салынып жатқан 570 төсек орнына шақталған көпбейінді аурухананың (2022 жылдың жазында пайдалануға беру жоспарланып отыр), Қазақ драма театрының, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың, Тұңғыш Президент саябағының, дендропарк пен ботаникалық бақтың іске асырылу барысымен танысты.

Сондай-ақ А. Мамин пайдалануға берілген «Hampton» қонақ үйі мен Халықаралық туризм университетін аралап көрді. Премьер-Министр өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және биыл көктемде Түркістан қаласында өткізу жоспарланып отырған Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммитіне дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Үкімет басшысының қатысуымен Түркістан облысының әкімдігі, «Artel Electronics» өзбек компаниясы және «Orbis Kazakhstan» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжат өңірде ас үй плиталары мен электр су жылытқыштарын шығаратын зауыт салуды көздейді. Қуаттылығы – жылына 1 млн бірлік техника. Жоспарланған инвестиция көлемі – 36 млрд теңге. Кәсіпорын 2100 жаңа жұмыс орнын құруды қамтамасыз етеді.

2020 жылы Түркістан қаласының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2019 жылмен салыстырғанда 3,8 есе өсіп, 367,6 млрд теңгені құрады. Инвестициялардың негізгі үлесі туризм, логистика және жылжымайтын мүлік салаларына бағытталды. Түркістан облысының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2020 жылы 703,3 млрд теңгеге жетті (+60%). Құрылыс жұмыстарының көлемі 65,8%-ға 299,9 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Облыс инвестициялардың өсу қарқыны және жалпы өңірлік өнімнің өсуі бойынша жетекші позицияға ие болды.

 

Previous Post

Шымкентте заңсыз құрылыс тоқтатылды

Next Post

Шымкентте «Тең қоғам» орталығы ашылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі