13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстер саны аптасына 124-ке дейін ұлғайды

26 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстер саны аптасына 124-ке дейін ұлғайды
Share on FacebookShare on Twitter

Сиань қаласында Қытай — Орталық Азия азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының бірінші конференциясы шеңберінде (С5+1) Қазақстан Республикасының авиациялық билігі мен Қытай Халық Республикасы арасында келіссөздер жүргізілді.

Қазақстандық делегацияны Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, Қытай делегациясын Қытай азаматтық авиация әкімшілігі халықаралық қатынастар департаменті бас директорының орынбасары Бай Венли бастады.

«Келіссөздер барысында екі елдің бекітілген тасымалдаушыларының рұқсат етілген жиіліктер санын аптасына 124 рейске дейін ұлғайту және жиіліктер бойынша қандай да бір шектеусіз жүк рейстерін орындау мүмкіндігі жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді», — делінген хабарламада. 

Сонымен қатар тасымалдаушылар саны артып, Қытай аумағында жаңа пункттер қосылды.

Өз кезегінде қазақстандық авиакомпаниялар Хайнань аралындағы (Санья, Хайкоу және Цюнхай қалалары) пункттрге, оның ішінде бесінші, алтыншы және жетінші «ауа еркіндігін» пайдалана отырып, шексіз рейстерді орындау құқығына ие болды.

«Келіссөздер қорытындысы бойынша екі ел арасында алғаш рет „ашық аспан“ режимі орнатылды, оның шеңберінде екі елдің тағайындалған тасымалдаушылары „ауа еркіндігінің“ бесінші дәрежесін пайдалана отырып, аптасына 42 рейске дейін орындау құқығына ие болды.  Айта кетерлігі, Қазақстан Республикасы тасымалдаушылары „ауа еркіндігінің“ бесінші дәрежесін пайдалана отырып, Қытайға рейстерді орындау құқығына ие болған әлемдегі санаулы елдердің бірі (АҚШ және бірқатар Еуропа елдері) болды», — деп хабарлады ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті.

Қытай Қазақстанның көптеген бағыттар бойынша стратегиялық серіктесі, осыған байланысты елдер арасындағы рейстерді орындау үшін құқықтық базаны кеңейту ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін маңызды қадам болып табылады.

 

Previous Post

Шыңжаң арқылы Қазақстан мен Гонконг арасындағы ынтымақтастықты ілгерілетуге дайынбыз – Жұманғарин

Next Post

Қазақстан 2 жылдан кейін сиыр етінің алғашқы партиясын Қытайға экспорттады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі