13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шыңжаң арқылы Қазақстан мен Гонконг арасындағы ынтымақтастықты ілгерілетуге дайынбыз – Жұманғарин

26 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Шыңжаң арқылы Қазақстан мен Гонконг арасындағы ынтымақтастықты ілгерілетуге дайынбыз – Жұманғарин
Share on FacebookShare on Twitter

Шыңжаңның көмегімен Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа бағытын 25 маусым күні Үрімші қаласында өткен екіжақты кездесуде ШҰАА партия комитетінің хатшысы Ма Синжуй Қазақстан Республикасының вице-премьері Серік Жұманғаринге ұсынды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Ма Синжуй атап өткендей, екі жыл бойы ШҰАА мен Қазақстан басшыларының бірнеше рет өзара сапары барлық бағыттағы екіжақты қарым-қатынастың тығыз ынтымақтастығы мен оң динамикасын көрсетеді.

«Үрімшідегі «Қазақстан – Қытай» аймақаралық ынтымақтастығының алдағы үшінші форумы — бұл өзара іс-қимылдың жаңа дәуіріне енген тығыз достық қарым-қатынасымыздың маңызды нәтижесі. Өзара қарым-қатынасымыздың жаңа кезеңінде біз Шыңжаң арқылы Қазақстан мен Гонконг арасындағы ынтымақтастықты ілгерілетуге дайынбыз. Гонконг пен Макаодан Қазақстанға инвестиция салуға дайын ірі кәсіпорындармен ынтымақтастықты қарастыруды ұсынамыз. Бұл қазір қызметті трансформациялау сатысында тұрған және Қазақстанмен ынтымақтастыққа үлкен қызығушылық танытатын ірі компаниялар. Сондай-ақ біз туризмнің дамуына ықпал ете аламыз. ШҰАА-ға Гонконгтан көптеген турист келеді. Оларға біздің орындар ұнайды және Қазақстанның табиғаты ұнайтынына сенімдімін», — деді Ма Синжуй.

Өз кезегінде Серік Жұманғарин екіжақты қарым-қатынастардың қарқынды дамуын атап өтіп, Қазақстан мен ШҰАА үшін 2023 жыл өзара келісімшарттар жылы ғана емес, сонымен қатар ҚХР еліміздің ең ірі сауда серіктесі болған жыл болғанын атап өтті.

«ШҰАА — Қазақстанның Қытайдағы негізгі серіктесі, оның үлесіне қазақ-қытай тауар айналымының жартысына жуығы тиесілі. Өңіраралық ынтымақтастықты іс жүзінде кеңейту айтарлықтай өсу әлеуетіне ие. Ең перспективалы бағыттар: көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, инвестициялық ынтымақтастық, сауда кедергілерін жою және қолайлы сауда режимін жетілдіру, туризм», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Previous Post

ЕҚЫҰ-ның Шығыс пен Батыстың арасын байланыстырушы көпір болып қала бергені маңызды – Әшімбаев

Next Post

Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстер саны аптасына 124-ке дейін ұлғайды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі