13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан 2 жылдан кейін сиыр етінің алғашқы партиясын Қытайға экспорттады

26 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан 2 жылдан кейін сиыр етінің алғашқы партиясын Қытайға экспорттады
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Ауыл шаруашылығы министрлігі аусыл бойынша шектеуді алып тастағаннан кейін «Meat Processing and Service» ЖШС ҚХР-ға 20 тонна сиыр етін экспорттады.

Кәсіпорын Алматы облысында 2009 жылдан бері жұмыс істейді және ІҚМ мен ҰҚМ етін қайта өңдеу мен консервілеуге, бордақылауға және союға маманданған. Компанияда мал басы 1,2 мыңнан асады, бір мезгілде 3 мың бас мал ұстайтын бордақылау базасы бар. Ет өңдеу кәсіпорнының өнімділігі 10 сағатта 200 бас ірі қара, 1000 бас ұсақ мал. Еттің көтерме саудасы Иран, Оман және Бахрейнде жолға қойылған.

Естеріңізге сала кетейік, Қытай Халық Республикасының аусыл ауруына 2020 жылы енгізген уақытша шектеулері 2024 жылдың 7 ақпанында алынып тасталды. Тыйым салуды алып тастау туралы шешім Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы ҚХР-ға ресми сапарынан кейін қабылданды. Оның барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның Қытайға мал шаруашылығы өнімдерін жеткізуге дайын екенін атап өтті.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин бірқатар келіссөз жүргізді. Ал 2023 жылғы қарашада ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ҚХР Бас кеден басқармасының төрағасы Юй Цзяньхуамен ресми кездесу өткізді.

Қытай тарапы құс тұмауы мен аусыл бойынша қауіптерге баға берді. Желтоқсан айында ҚХР Мемлекеттік техникалық университеті мен Қытай Ауыл шаруашылығы және Ауыл істері министрлігі сарапшылар тобының Қазақстанға сапары шеңберінде жоғарыда аталған ауруларға жеткілікті бақылауды қамтамасыз ету үшін ветеринарлық қызметтің жұмысына аудит жүргізілді. Соңғы 3 ай ішінде отандық кәсіпорындар экспорттық тауарлар желісін кеңейту, елдің барлық аумағынан кәсіпорындарды экспорттауға жіберу, Қытай импорттаушыларының тізіліміне енгізу бойынша ветеринарлық талаптарды келісу бойынша белсенді жұмыс жүргізді.

ҚР АШМ ҚХР-дағы қазақстандық экспорттаушы кәсіпорындар тізімін кеңейтуді жалғастырып жатыр.

 

Previous Post

Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстер саны аптасына 124-ке дейін ұлғайды

Next Post

Қазақстанда алғаш рет халықаралық «IBO-2024» олимпиадасы өтеді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі