13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан ИКАО-да ресми тіркелді

23 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан ИКАО-да ресми тіркелді
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) жанындағы Тұрақты өкілі Тимур Тілегенов Монреаль қаласындағы ИКАО штаб-пәтерінде осы халықаралық ұйымның Бас хатшысы Хуан Карлос Салазарға сенім грамоталарын табыстады.

Сұхбат барысында азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Бас хатшы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның ИКАО жанындағы Тұрақты өкілдігін ашу туралы шешім қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, Тұрақты өкілді өз қызметіне кірісуімен құттықтады. Хуан Карлос Салазар Тұрақты өкілдіктің қызметі Қазақстан мен осы Ұйым арасындағы стратегиялық серіктестіктің әрі қарайғы дамуына өз септігін тигізетініне сенім білдірді.

Сонымен қатар Бас хатшы Қазақстанның халықаралық аренадағы жетістіктері мен рөліне жоғары баға бере отырып, әлемнің барлық мемлекеттері мен халықаралық ұйымдармен жақсы қарым-қатынастарды дамытып отырған еліміздің беделін атап өтті.

Хуан Карлос Салазар «ИКАО ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік деңгейін жоғарылату жөніндегі Қазақстан тарапы жүргізіп отырған реформаларды, сондай-ақ жалпы әуе көлігінің қол жетімділігін арттыруын жоғары бағалап, оларды мысал ретінде көрсетіп отырады», – деп атап өтті.

Тұрақты өкіл Қазақстан басшылығының сәлемін жеткізе отырып, елімізбен азаматтық авиация саласындағы көпжоспарлы ықпалдастықты дамыту жөніндегі ИКАО-ның қызметіне қатысты қолдауын білдірді.

«Қазақстан ИКАО-ның белсенді қатысушысы болып табылады және еліміздің тарихында тұңғыш рет Тұрақты өкілдіктің ашылуы Қазақстанның ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын одан әрі дәйекті түрде енгізуіне ықпал ететініне кәміл сенімдімін», – деп атап өтті Т. Тілегенов. Сонымен қатар ол Қазақстанның азаматтық авиация саласының ағымдағы жағдайы, сондай-ақ еліміздің осы саладағы негізгі басымдықтары мен міндеттері туралы баяндап берді.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен ИКАО арасындағы іс жүзіндегі диалогтың одан әрі кеңеюінің бейілділігі мен маңыздылығын растады.

 

Previous Post

Ядролық қаруды таратпаудың жаһандық режимін нығайту: Қазақстанның төрағалығымен өтіп жатқан 2024 жылғы басты конференция

Next Post

ШЫМКЕНТ: ЕЛДІМЕКЕНДЕР ТАЛШЫҚТЫ ОПТИКАЛЫҚ ЖЕЛІГЕ ҚОСЫЛЫП ЖАТЫР

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі