13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ядролық қаруды таратпаудың жаһандық режимін нығайту: Қазақстанның төрағалығымен өтіп жатқан 2024 жылғы басты конференция

23 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
Ядролық қаруды таратпаудың жаһандық режимін нығайту: Қазақстанның төрағалығымен өтіп жатқан 2024 жылғы басты конференция
Share on FacebookShare on Twitter

  Қазақстанның төрағалығымен Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (ЯҚТШ) 2026 жылғы Шолу конференциясына екінші Дайындық комитеті өз жұмысын бастады. Ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласындағы қазіргі күрделі геосаяси шындық жағдайында өтіп жатқан бұл маңызды оқиға Шарт ережелерінің орындалуына шолу бойынша негізгі алаң болып табылады.

Іс-шараны ашқан Төраға, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин ЯҚТШ мақсаттарына қол жеткізу үшін әлемдік қауымдастықтың бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның жаһандық ядролық қарусыздану ісіне бейілділігін растады.

ЯҚТШ-ға қатысушы 190 мемлекеттің делегаттары алдағы екі апта ішінде ЯҚТШ-ның үш тірегі: ядролық қарусыздану, атом энергиясын таратпау және бейбіт мақсатта пайдалану бойынша халықаралық ынтымақтастық пен сенімді нығайтуға бағытталған қарқынды талқылауларға қатысады.

Ұлттық тұрғыда Қазақстан делегациясы Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа (ЯҚТСШ) қатысушы мемлекеттердің атынан Бірлескен мәлімдеме жасап, ядролық сынақтардан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Нысаналы қор құрудың маңыздылығын атап өтті.

Екінші Дайындық комитетінің жұмысы болса  2 тамызға дейін жалғасады деп күтілуде.

1970 жылы күшіне енген Ядролық қаруды таратпау туралы шарт (ЯҚТШ) – ядролық қарудың таралуын болдырмауға, ядролық қарусыздануға жәрдемдесуге және ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалануды ілгерілетуге бағытталған іргелі халықаралық құжат. ЯҚТШ Шолу конференциялары бес жыл сайын шарттың орындалуын бағалау және оның мақсаттарына жетудің келесі жұмыс бағыттарын айқындау үшін өткізіледі.

 

Previous Post

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Next Post

Қазақстан ИКАО-да ресми тіркелді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі