13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-саттық көлемі $1,9 млрд асты

22 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-саттық көлемі $1,9 млрд асты
Share on FacebookShare on Twitter

Алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан Өзбекстанның негізгі сауда серіктестерінің үштігінде қалды.

Қаңтар-маусым айларында елдегі сыртқы сауда айналымы 31,8 млрд долларға жетіп, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 8,5%-ға өсті. Өзбекстан Статистика агенттігінің ақпаратына сай, бүгінгі таңда көршілес мемлекет әлемнің 186 елімен сауда-саттық жасайды.

Жарты жылдың қорытындысы бойынша елдің басты сауда серіктестері көшін Қытай бастап тұр. Екі мемелекет арасындағы тауар айналымы 5,8 млрд доллардан (жалпы көлемнің 18,5%) асты. Одан кейінгі орында сауда-саттықтың 18,1% үлесі тиесілі Ресей тұр. Бұл елмен арадағы импорт-экспорт көлемі 5,7 млрд доллардан артық.

Сонымен қатар, көшбасшылардың үштігін Қазақстан түйіндеді. Біздің ел мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 1,9 млрд доллардан асты (жалпы көлемнің 6%).

«Қазақстан Қытай мен Ресейден кейінгі Өзбекстанның ең ірі сыртқы экономикалық серіктестерінің біріне айналды. Бұған ортақ шекараның болуы, ТМД аясында еркін сауда жасау, сондай-ақ өзара экономикалық қатынастарды жүйелі жолға қою ықпал етті», — делінген Статистика агенттігінің деректерінде.

Қамтылып отырған кезеңде Өзбекстан Қазақстанға 619,8 млн доллардың тауарын экспорттап, 1,2 млрд доллардың тауарын импорттаған.

Жалпы, Қазақстан – сыртқы сауда көлемі бойынша Өзбекстанның негізгі үш сауда серіктесінің бірі. 2016-2023 жылдар аралығында сауда көлемі 2,5 есеге өсіп, 4,5 миллиард долларға жетті. Өзбекстан мен Қазақстанның экономикалық ынтымағы ТМД аясында екіжақты және көпжақты келісімдерге сай «Еркін сауда» режимінде жүзеге асырылады. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 4,4 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Өзбекстанның Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Құдратовтың кездесуінде айтылды. Тараптар Астанадағы басқосуда қазақ-өзбек сауда экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Айта кету керек, Өзбекстан Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі саналады. Өзбекстан біздің елге жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізіп отырған елдер арасында да көш бастап тұр. Қазақстанның Орталық Азиямен тауар айналымының 57% -дан астамын құрайды. Тараптар алдағы қыркүйек айында «Халыққа қызмет көрсету орталығы — Орталық Азия» индустриялдық аймағында жобалардың тұсаукесерін ұйымдастырмақ.

 

Previous Post

Азия Даму Банкі «KEGOC»-тың 58,2 млрд теңге жобасын қаржыландырады

Next Post

Шымкентте жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім азайған

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі