Шымкент Жүрек орталығының білікті дәрігерлер құрамы туа бітті немесе жүре пайда болған ауыр жағдайларда жүрек қақпақшаларын алмастырады. Шымкентте жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім соңғы екі жылда 22 пайызға азайған. Дәрігерлер мұны жүректің ишемиялық және өткір коронарлық синдром ауруларында науқастарға дер кезінде сапалы медициналық көмектің көрсетілуімен байланыстырады.
Мәселен, Шымкент Жүрек орталығы ангиографиялық бөлімшесінің меңгерушісі Исабек Керімқұловтың жетекшілігімен жылына 5000-нан астам адамға жүрек ауруларында коронаграфия жасау отасы яғни, қан тамырларының бүтіндігін зерттеу әдісі мен зақымдалуы кезінде стент орнату операциялары жасалуда. Қымбат бағалы ота түріне жататын коронаграфия әдісінің құны 400 мың және стент орнатудың бағасы 1,5 миллион теңгеге жуық тұрады. Күрделі ота дертке шалдыққан азаматтар үшін қолжетімді және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен қаржыландырылуда.
Шымкент Жүрек орталығының білікті дәрігерлер құрамы туа бітті немесе жүре пайда болған ауыр жағдайларда жүрек қақпақшаларын алмастырады. Жүрекке ашық ота жасау, стент қою және жүректің ишемиялық ауруларын анықтауда коронаграфиялық тексеру әдісі осылайша өлім-жітім санын азайтып, мыңдаған адамның өміріне араша болуда. Мәліметке сүйенсек, былтыр аталмыш орталықта 4000-нан астам адамға жүректің ишемиялық аурулары мен өткір миокард инфарктісінде коронаграфиялық ота жасалып, 2500-ге жуық науқастың жүрек қан тамырларына стент орнатылған.
52 жастағы Ғабит Әбіләкімнің кеуде тұсындағы ауырсынуы артта қалды. 3 ай бұрын орталыққа шұғыл жеткізіліп, жүрек-қан тамырларына операция жасатқан. Бұл жолы тарылған қан жүйесін тарқату үшін тағы екі стенд орнатылды. Дәрігерлер операцияны иненің жасуындай ғана тесікпен жасағандықтан аз күнде толық оңалып келеді.
Ғабит Әбіләкім, қала тұрғыны: — Жедел-жәрдеммен келіп осы жердегі дәрігерлер өздерінің жұмыстарын істеп, анализін алып, арасында 20-30 минут болған жоқ бірден реанимацияға апарып, түнгі 12-лерде жасап шығарды. Содан кейін тәуірмін. Ауырғанының бәрі кетіп, берген дәрілерін іштік. 2-3 айдың көлемінде тағы 2 стент қойып шығып отырмын. Былтыр орталықта 6 мыңға жуық операция жасалды. Оның үштен біріне коронаграфиялық зерттеулерден соң жүрек-қан тамырларына стенд орнатылды. Сонымен қатар дәрігерлер құрамы жүрек қақпақшаларын ауыстырып, туа біткен немесе жүре пайда болатын ауытқуларға операциялардың озық әдістерін қолданған.
Исабек Керімқұлов, қалалық жүрек орталығы ангиографиялық зертханасының бөлім меңгерушісі: — Бұл жерде жасалатын отаның 90 % жергілікті жансыздандыру арқылы жалпы нархоз берілмейді. Науқас толық есін біліп жатады. Дәрігермен толық қарым-қатынаста және интервенциялық оталардан кейін жазылу, оңалуы біршама тез болады. Биыл жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім 22% азайды. Дәрігерлердің айтуынша оған ауру сатысын ерте анықтап, жоғары технологиялық операцияларды дер кезінде жасаудың септігі тиген. Скринингтік тексерулер мен операциялар әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы тегін жасалады.
Арапкүл Ізбасарова, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиал директорының орынбасары: — Қазір заманауи операциялар көбейген. Ондай операцияларды жеке адамның қалтасы көтермейді. Сондықтан МӘМС енгізілгелі бері біздің қаржылық әлеуетіміз жақсарып, Шымкент қаласында қаншама пациент өлім аузынан аман қалды. Шымкент қаласы бойынша 8 млрд қаржы бөлінген. Скрининг өткізу үшін. Оның ішінде жүрек аурулары да бар. Ол жерде обыр аурулары да бар. Қант диабеті аурулары. Десе де дәрігерлер денсаулықты күтіп, салауатты өмір салтына мән беруге үндейді. Себебі соңғы жылдары жүрек аурулары жасарып барады.