13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Азия Даму Банкі «KEGOC»-тың 58,2 млрд теңге жобасын қаржыландырады

22 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
Азия Даму Банкі «KEGOC»-тың 58,2 млрд теңге жобасын қаржыландырады
Share on FacebookShare on Twitter

 «KEGOC» АҚ мен Азия Даму Банкі Қазақстан БЭЖ-і Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту жөніндегі жобаны іске асыру үшін 58,2 млрд теңге сомасына қаржыландыру туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы аталған компанияның баспасөз қызметі хабарлайды. 

Жоба электр энергиясын, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерінен ірі ауқымда генерациялауды желіге интеграциялауға, елдің оңтүстігінде электр энергиясын жеткізуді күшейтуге және тұрақтандыруға, сондай-ақ Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның сатып алу қағидаларының конкурстық рәсімдеріне сәйкес таңдалған мердігерлер жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Кейіннен жалпы ұзындығы 475 шақырым екі 500 кВ электр жеткізу желісін салуды, сондай-ақ 500 кВ «Шу», «Жамбыл» және «Шымкент» үш қосалқы станциясын реконструкциялауды және кеңейтуді көздейтін құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындайды.

 

«АДБ-ның «KEGOC» АҚ-мен серіктестігі Қазақстанға нөлдік шығарындылар, энергия ауысуы және жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейту бойынша мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі. Бұл жоба жаңа генерациялайтын қуаттарды енгізумен синхрондалған, электр энергиясын жеткізу кезіндегі ысырапты азайтуға мүмкіндік береді және өңірдің экономикалық дамуына оң әсер етеді»,- деді АДБ-ның жеке сектордағы операциялар жөніндегі бас директоры Сюзанна Габури.

Азия Даму Банкі комплаенс рәсімдерін жүргізу шеңберінде «KEGOC» АҚ ESG, ашықтық және қаржылық тиімділіктің жоғары стандарттарына адалдығын растады. «KEGOC» АҚ-ның жоғары кредиттік рейтингтері АДБ-ның тиімді шарттармен қаржыландыруына мүмкіндік берді. Осы кредиттік келісімді жасасу халықаралық қаржы институттарының «Самұрық-Қазына» АҚ тобының сатып алу рәсімдеріне, сондай-ақ халықаралық листингілік компанияларға сәйкес келетін KEGOC қызметіне деген сенімін растайды.

«Ұлттық электр торабының жаңа архитектурасы Оңтүстік Қазақстанның жаңартылатын және дәстүрлі энергия көздерінің орасан зор әлеуетін энергия теңгеріміне тартуға мүмкіндік береді. Экспорттық және транзиттік әлеует едәуір артады және бүкіл өңірдің энергетикалық қауіпсіздігі күшейтілетін болады. Осындай маңызды жобаларда бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігі үшін Азия Даму Банкіне алғыс айтамыз», — деп атап өтті «KEGOC» АҚ басшысы Нәби Айтжанов.

 

Previous Post

Ғылымды коммерцияландырудың озық тәжірибелері: Қазақстан мен Ұлыбритания ынтымақтастық орнатады

Next Post

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-саттық көлемі $1,9 млрд асты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі