13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ғылымды коммерцияландырудың озық тәжірибелері: Қазақстан мен Ұлыбритания ынтымақтастық орнатады

22 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
Ғылымды коммерцияландырудың озық тәжірибелері: Қазақстан мен Ұлыбритания ынтымақтастық орнатады
Share on FacebookShare on Twitter

 Қазақстан және Ұлыбритания ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру, сондай-ақ инновацияларды ынталандыру бағытында ынтымақтастық құрмақ. Лондонда қос елдің ғылым қорының өкілдері кездесіп, әріптестік құру мүмкіндіктерін қарастырды. 

Корольдік инженерлік академиясы жанындағы Enterprise Hub кәсіпкерлік орталығы бизнес жасап, табыс тапқысы келетін инженерлерді қолдаумен айналысады. Он жылдан астам уақыттан бері ол стартап идеяларды пайда болу кезеңінен бастап, нарыққа шығу сәтіне дейін сүйемелдеп келеді. Сонымен қатар бизнестің Ұлыбританияда ғана емес сыртқы нарықтарға да шығуына көмектеседі.

«Бүгін біз ғылымды коммерцияландыру, білім беру, кәсіпкерлік және инновациялық экожүйені кеңейту бойынша өз тәжірибемізбен бөлісіп жатырмыз. Қазақстандағы экожүйе туралы да білгіміз келеді», — дейді Корольдік инженерлік академиясы Кәсіпкерлік орталығының директоры Ана Авалиани. 

«Бұл әлеуеті зор әріптестік болғалы тұр. Басқа елдердегі үздік тәжірибелерді зерттеп, серіктестік құруға құлықтымыз. Болашақта әлемді өзгертетін технологияларды енгізіп, оларды жетілдіру бағытында бірігіп жұмыс істейміз деген үміттеміз», — дейді Changeschool компаниясының даму бойынша директоры Нил Маршалл. 

Қазақстандық Ғылым қорының «Ғылым және технологиялық саясат» туралы заң аясында жаңа функционалға ие болғаны белгілі. Оның ішіне венчурлық қаржыландыру, акселерация, бизнес-инкубация кіреді. Осы және басқа да құралдардың технологияларды коммерцияландыру деңгейін арттыруға көп көмегі тимек. Ғылымды елдің индустриялық қажеттілігіне бағыттау үшін халықаралық тәжірибеге сүйену өте маңызды, дейді Ғылым қорындағылар.

«Ұлыбритания – ғылымды коммерцияландыру бойынша озық елдердің бірі. Оның тәжірибесін Қазақстанда енгізу жоспарымызда бар. Жоғарғы оқу орындарының тәжірибесі де қызықты. Өйткені университеттерінде акселерациялық бағдарламалар мен бизнес-инкубаторлар дамыған. Венчурлық капиталмен де тікелей жұмыс істейді», — дейді «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасы Камиль Ақатов. 

Ғылым қорының қызметкерлері сондай-ақ салаға тікелей және жанама қатысы бар бірқатар жергілікті министрліктердің өкілдерімен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады. Ұлыбритания университеттері қауымдастығымен басқосу барысында екі елдің ғылыми ұйымдары арасындағы әріптестікті дамыту мәселелері сөз болды.

Сурет: Қазақпарат

Previous Post

Ақмолада Түркістанның мүмкіндіктері таныстырылды

Next Post

Азия Даму Банкі «KEGOC»-тың 58,2 млрд теңге жобасын қаржыландырады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі