13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ЕҚЫҰ төрағасы су тасқыны бойынша қазақстандықтарға көңіл айтты

29 июня, 2024
in Uncategorized
0
ЕҚЫҰ төрағасы су тасқыны бойынша қазақстандықтарға көңіл айтты
Share on FacebookShare on Twitter

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы табиғи апаттарға қарсы іс-шараларда Қазақстанды қолдауға дайын. Бұл туралы ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасы – Мальтаның Сыртқы, еуропалық істер және сауда министрі Иэн Борч елордадағы кездесуде айтты.

«Соңғы айларда болған қатты су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан халқының қайғысына ортақ екенімді айтқым келеді. Табиғи апат адам шығынына және үйлер мен мүліктердің бүлінуіне әкеп соқты. Біз қазақ халқы көрсеткен төзімділігі мен күшін жоғары бағалаймыз. ЕҚЫҰ сіздерді және Қазақстанды қолдауға дайын. Бұл біздің қауымдастықтарымыздың осындай табиғи апаттарға қарсы күш-жігерді арттыруымыз керек екенін тағы да еске салады», — деді И. Борч.

Бұл сын-қатерлерді азайтуды, алдын ала ескертуді және тұтас ЕҚЫҰ аумағында, соның ішінде Орталық Азияда дағдарысты басқару әлеуетін арттыруды білдіреді. Мұндай бастамалар арадағы ынтымақтастықты кеңейтудің артықшылықтарын айқын көрсетер еді деп есептейді ЕҚЫҰ төрағасы.

«Мұндай бірлескен күш-жігер мен оларды табысты жүзеге асыру біздің серіктестерімізбен, соның ішінде Қазақстанмен берік қарым-қатынасымызға терең негізделген. Бүгін таңғы кездесуімізде мен министр Нұртілеу мырзамен Қазақстан мен біздің ұйым арасындағы берік және ұзақ мерзімді серіктестікті талқылауға мүмкіндік алдым. ЕҚЫҰ-ның Қазақстанмен өзара іс-қимылы мызғымас болып қала береді және Оның Астанадағы Бағдарламалық кеңсесі осының айқын және нақты дәлелі», — деді ол.

Сонымен бірге, И. Борч Қазақстанның ЕҚЫҰ-да тарихи тұрғыда шешуші рөл атқаратынын, 2010 жылы Қазақстан ұйымға төрағалық етіп, саммит өткізгенін еске салды.

«Астана қаласының Мерейтойлық декларациясы Біздің ұйым тарихындағы негізгі іргетас болып қала береді. Соңғы жылдардағы Қазақстанның кешенді реформалары мақтауға тұрарлық, бұл ЕҚЫҰ-ның негізгі міндеттемелерін орындаудағы күшті күш-жігерін көрсетеді. ЕҚЫҰ осы жолда сенімді серіктес болады. Оған қоса, қазақстандық серіктестерімізді ЕҚЫҰ-ның тәжірибесі мен құралдарын аймақтық қауіпсіздік, трансшекаралық ынтымақтастық және тұрақты даму сияқты маңызды тақырыптарды ілгерілету үшін толық пайдалануды жалғастыруға шақырамын», — деді Иэн Борч.

Айта кетейік, ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасы, Мальтаның Сыртқы, еуропалық істер және сауда министрі Иэн Борч алғаш рет Қазақстанға ресми сапармен келді. Сапар аясында ол ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөздер жүргізді.

 

 

Previous Post

Иранның кеме қатынасы компаниясы Қазақстанға Бендер-Аббас портында терминал салуда ынтымақтастық орнатуға ниетті

Next Post

Қазақстан мен Мальта қай салаларда ынтымақтастықты арттырады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі