13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан мен Мальта қай салаларда ынтымақтастықты арттырады

29 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан мен Мальта қай салаларда ынтымақтастықты арттырады
Share on FacebookShare on Twitter

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Іс басындағы төрағасы – Мальтаның Сыртқы, еуропалық істер және сауда министрі Иэн Борч алғаш рет Қазақстанға ресми сапармен келді. Сапар аясында ол ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөз жүргізді.

«Біздің еліміз елеулі демократиялық жетістіктерге жетіп, Әділетті Қазақстанды құрудың саралы жолында. Бүгінгі сапарды Президент Қ.Тоқаев бастаған іргелі саяси, әлеуметтік және экономикалық реформаларды қолдауының жарқын белгісі деп санаймыз. Тұғыры бекем, экономикасы қуатты, халықаралық сахнадағы беделі кеңінен мойындалған Мальта Еуропалық одақтағы Қазақстанның маңызды әрі сенімді серіктесі. Осыдан 31 жыл бұрын елдеріміз арасында дипломатиялық қатынас орнатылды. Соңғы кезде Астана мен Валлеттаның саяси диалогы екпінді түрде дамып келеді», — деді Мұрат Нұртілеуов кездесу қорытындысы бойынша өткен брифингте.

Қазақстандық министр екі елдің экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының да болашағы зор екенін атап өтті. Өткен жылдары Қазақстан-Мальта тауар айналымы 250 млн доллар болған.

«Сауда-экономикалық әлеуетімізді толық пайдалану мақсатында, министр Борчпен туризм, өңдеу, жер қойнауын барлау, теңіз логистикасы сияқты перспективалы секторлар бойынша жұмысты жандандыруды уағдаластық. Қазақстан азаматтары үшін Еуропалық Одақтың визалық режимін жеңілдету мәселесіне бөлек тоқталдық. Біздің ойымызша, оның оң шешілуі сан қырлы баланыстардың белсенді дамуына зор септігін тигізер еді», — дейді М.Нұртілеу.

Сонымен бірге, тараптар өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасқан.

«Жалпы, көптеген халықаралық мәселелер бойынша елдеріміздің ұстанымдары жақын немесе ұқсас. Биыл еліміздің бірқатар ірі халықаралық ұйымдарға төрағалығы барысын ортаға салдық. Хельсинки қорытынды актісі қабылданғанына 50 жылдығы қарсаңында, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының рөлі мен беделін арттыру жолдарын қарастырдық», — деді ҚР Сыртқы істер министрі.

 

Previous Post

ЕҚЫҰ төрағасы су тасқыны бойынша қазақстандықтарға көңіл айтты

Next Post

ЕҚЫҰ-ның Шығыс пен Батыстың арасын байланыстырушы көпір болып қала бергені маңызды – Әшімбаев

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі