13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Иранның кеме қатынасы компаниясы Қазақстанға Бендер-Аббас портында терминал салуда ынтымақтастық орнатуға ниетті

29 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Иранның кеме қатынасы компаниясы Қазақстанға Бендер-Аббас портында терминал салуда ынтымақтастық орнатуға ниетті
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Иранның Golden Line кеме қатынасы компаниясының негізін қалаушы әрі президенті Әли Акбар Эхсанимен кездесті.

Жеке компания тауарлардың транзитімен және экспортымен айналысады, контейнерлік тиеу және түсіру, сақтау қызметтерін, сондай-ақ Иранның Каспиан портында көлік-логистикалық қызметтердің басқа түрлерін көрсетеді. Бүгінгі таңда компания Қазақстаннан және Орталық Азияның басқа елдерінен, Ресей мен Әзербайжаннан Парсы шығанағы, Үнді мұхиты, Азия және Африка елдерінің порттарына түрлі жүктердің экспорты мен транзиті бойынша өз қызметтерін кеңейтуге мүдделі.

Кездесу барысында Әли Акбар Эхсани хабарлағандай, жақында компанияның негізгі тиеу-түсіру қуаттары мен кемелері орналасқан Каспий теңізіндегі (Каспиан) Иран порты Иранның теміржол желісіне қосылды, бұл Каспий мен Парсы шығанағы порттары арасында тікелей теміржол байланысын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ кеме қатынасы компаниясының басшысы Бендер-Аббас портында қазақстандық терминал құрылысында ынтымақтастық орнатуды ұсынды.

«Біздің қолымызда Бендер-Аббас портында 25 га контейнерлік алаң бар. Сондай-ақ біз порттағы қазақстандық терминал үшін ыңғайлы жерде тағы 30 га бөлуге және оның құрылысына өз инвестицияларымызды салуға дайынбыз. Біз Каспиан портына жүктерді тікелей жеткізуді ұйымдастыра аламыз», — деді Әли Акбар Эхсани.

Кездесу қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин Golden Line компаниясының басшылығын қазақстандық әлеуетті әріптестермен кездесіп, жобаны талқылау үшін 20 шілдеде Ақтауда өтетін «Солтүстік – Оңтүстік» бірінші халықаралық көлік-логистикалық форумына қатысуға шақырды.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЗАМАНАУИ СТАДИОН ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Next Post

ЕҚЫҰ төрағасы су тасқыны бойынша қазақстандықтарға көңіл айтты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі