Бүгінгі таңда халық жиі баратын қоғамдық орындардың бірі моншалар мен сауналар. Моншаға бару еркін және жеңіл сезінуге, физикалық және психологиялық жағымды әсер етеді. Алайда моншалар мен сауналар вирустық, бактериялық, паразиттік және терінің саңырауқұлақ ауруларының қоздырғыштарына таптырмас орта екенін ескеру қажет. Жұқпалы аурулардан сақтану үшін бірнеше санитариялық-гигиеналық ережелерді сақтау қажет. Моншалар мен сауналарға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық саутау министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегі «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» №67 бұйрығымен реттелген.
Негізгі талаптарға тоқталатын болсақ, ең алдымен моншалар мен сауналардың үй-жайларында тазалық сақталуы қажет.
Моншалар мен сауналар көп функционалды ғимараттарда орналасқан кезде будан, жылудан, ылғалдан және дыбыстан оқшаулау қамтамасыз етілуі тиіс. Моншаларда сору-сыртқа тарату желдеткіші көзделеді. Суды бұру траптары бітеліп қалмауы тиіс және еденде лас су жиналмау қажет. Кәріз жүйелерінің санитариялық-техникалық желілері, құрылғылары мен аспаптары жарамды күйде болуы қамтамасыз етіледі.
Шешіну-киіну және себезгі бөлмелерінде ағаш траптар емес, резеңке кілемшелер орнатылуы керек. Әр келушіден кейін резеңке аяқ-киім фунгицидтік әсері бар дезинфекциялау құралдарымен өңделуі қажет. Дезинфекциялаудан кейін аяқ киім жуылады және кептіріледі. Жуыну үшін жоғары температура әсеріне төзімді және оңай жуылатын және өңделетін легендер пайдаланылады. Моншалар мен сауналарда жеке қолданылатын және пакеттерде берілетін таза және құрғақ киім-кешек (ақжаймалар, сүлгілер) пайдаланылады. Таза киім-кешек пайдаланылғандардан бөлек сақталады.
Жуынып-шайыну залдарының едендерін тазалау және жуу күн сайын және қажеттілігіне қарай жүргізіледі. Күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейін үй-жайларды, сөрелерде жуу және дезинфекциялау жүргізу қажет. Моншалар мен сауналардағы бассейндер жинау жұмыстары күн сайын күнінің соңында, егер қажет болса, ауысым арасындағы үзіліс кезінде жүргізіледі.
Жарақаттану мен жазатайым жағдайлардың алдын алу мақсатында сынған жапсырма плиткалар, жабындылар мен жабдықтардың тұтастығы бұзылғанда уақтылы жөнделуге жатады.
Монша мен сауна сіздің денсаулығыңызға зиянын тигізбей, тек пайдалы болуы үшін осы талаптардың сақталуына мән беріңіз.
Нышанов Нұрбек Садықбекұлы
ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы