13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әскери қызметшілер — су тасқынына қарсы күрестің батырлары: Депутаттар сарбаздардың батылдығын атап өтті

21 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
Әскери қызметшілер — су тасқынына қарсы күрестің батырлары: Депутаттар сарбаздардың батылдығын атап өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Атырау облысындағы көктемгі су тасқыны өңір тұрғындары үшін үлкен сынақ болды. 50 күннен астам уақыт бойы 35748 әскери бөлімінің әскери қызметшілері табиғи апатпен күресіп, алдыңғы шепте болды. Олар батылдық пен жанқиярлық танытып, адамдарды су басқан аудандардан эвакуациялады, инфрақұрылымды қалпына келтірді және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Парламент Мәжілісі мен Атырау облыстық мәслихатының «Ақ жол» демократиялық партиясынан депутаттары жауынгерлердің батылдына алғыс айту үшін, 35748 әскери бөліміне арнайы келді. Кездесу барысында депутаттар, оның ішінде «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев жауынгерлерге жанқиярлығы мен адамдарды құтқаруға және аймақты қалпына келтіруге қосқан үлесі үшін терең ризашылықтарын білдірді.
Олардың еңбегін мойындау үшін жас жауынгерлерге «Ақ жол» партиясының бастамасымен әзірленген «Апатқа қарсы күрес үшін» төсбелгісі табысталды. Бұл белгі су тасқынына қарсы күрес кезінде сарбаздар көрсеткен батылдық пен ерліктің символына айналады.
Депутаттар сондай-ақ әскери қызметшілердің іс-әрекеттері адамдардың өмірін сақтап қалуға ықпал етіп қана қоймай, қиын жағдайларда бірлік пен ынтымақтастықтың үлгісі болғанын атап өтті. Көптеген тұрғындар әскерилердің батылдығын бақылап, зардап шеккендерге көмектесу үшін еріктілер тобына бірігіп, бір-біріне көмектесуге күш тапты. Қоғамның бұл бірлігі су тасқынының салдарымен күресте нағыз ресурсқа айналды.
Әр уақытта алдыңғы шепте жұрген әскери қызметшілер өздерінің тікелей міндеттерін орындап қана қоймай, төтенше жағдайда әркім өзі ойлағаннан да көп нәрсеге қабілетті екенін көрсете отырып, адамдарды іс-әрекетке шабыттандырды. Олардың төзімділігі мен өмірді құтқаруға деген адалдығы Отан қорғаушының жоғары атағына толық сәйкес келеді.

Previous Post

«АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ІС-САПАРМЕН ШЫМКЕНТТЕ

Next Post

МОНШАЛАР МЕН САУНАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі