13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ІС-САПАРМЕН ШЫМКЕНТТЕ

20 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
«АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ІС-САПАРМЕН ШЫМКЕНТТЕ
Share on FacebookShare on Twitter

«Ақ жол» партиясының төрағасы Шымкент қаласындағы «Жайлы мектеп» жобасы аясында «Нұртас» шағын ауданында салынып жатқан 2000 орындық білім ордасының құрылыс барысымен танысты.

Жалпы, Ұлттық жоба аясында салынып жатқан барлық мектептер заманауи оқу жабдықтарымен және жиһаздармен жабдықталатын болады. Ыңғайлы мектептердің жобалары қауіпсіз білім беру ортасын құруға бағытталған және мүмкіндігі шектеулі балаларға бейімделген. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін жеке кіреберістері, спорт залдары мен асханалары бар бөлек блоктар қарастырылған. Партия мүшелері құрылыстың қарқыны мен сапасына оң баға беріп өтті.

Сонымен қатар, Азат Тұрлыбекұлы «Бизнеске арналған үкімет — Shymkent INVEST» кеңсесінің жұмысымен таныты.

Инвесторлар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің бірыңғай орталығы жобасын әкімдік пен Кәсіпкерлер палатасы бірлесе жүзеге асырып отыр. Мұнда қала кәсіпкерлері мен инвесторларға «бір терезе» негізінде мемлекеттік қолдау және мемлекеттік қызмет көрсетіліп келеді.

– «Ақ жол» демократиялық партиясы бизнес партиясы ретінде, әсіресе, экономика жөніндегі ұсыныстарды толық қолдайды және оларды іске асыруға өз үлесін қосуға дайын. «Ақ жол» демократиялық партиясы Елбасының Жолдауда айтқан барлық тапсырмаларын қолдайды, бизнес партиясы болғандықтан, бізге, әсіресе, ондағы экономика және кәсіпкерлікті қолдау саласындағы бастамалар аса маңызды көрінеді, – деген Азат Тұрлыбекұлы сапарын «ЗЕРДЕ-Керамика» ЖШС керамогранит тақтайшасын шығаратын зауытта жалғастырып, кәсіпорын жұмысымен танысты. Сондай-ақ, қызметкерлерімен кездескен депутаттар, 200-дей адамды жұмыспен қамтып отырған зауыттың басшысы Қанат Битеміровты ұзақ жылғы еліміздің экономикасына қосқан үлесі үшін «Еңбегім еліме» құрмет белгісімен марапаттады.

Айта кетейік, жылдық қуаттылығы 2 млн. шаршы метрлі, көлемі 300х300 мм, 400х400 мм, 600х600 мм. және 600х300 мм. болатын керамогранит тақтайшасын шығаратын зауыт қазіргі таңда толық өндірістік қуатында жұмыс істеп, өңір халқын жұмыспен қамтып отыр. «ЗЕРДЕ-Керамика» зауытының өнімдері бүгінгі таңда жайлы мектептердің құрылыс жұмыстарына да жіберіліп жатыр. Ал республика бойынша Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Тараз, Ақтөбе, Өскемен, Қостанай, Семей, Қызылорда, Орал және Атырау сынды ірі қалаларда 40-тан астам дилерлері бар.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: кәсіпкерлер палатасында туризм бойынша семинар өтті

Next Post

Әскери қызметшілер - су тасқынына қарсы күрестің батырлары: Депутаттар сарбаздардың батылдығын атап өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі