13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан мен Франция жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде

21 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан мен Франция жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек Францияның даму агенттігінің (AFD) делегациясымен, оның ішінде Астана қаласындағы агенттіктің жаңа өкілдігін басқарған Гүлноза Калленспен кездесті. Кездесу барысында тараптар агенттіктің Қазақстандағы қызметін талқылады.
AFD-нің Қазақстандағы жұмысындағы басым бағыттардың бірі – жаңартылатын энергия көздерін дамыту және тұрақты энергетикаға көшуге қолдау көрсету. Ә. Қуантыров агенттік өкілдерін Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздерін дамыту перспективасымен таныстырды:
«Бұл сектор экономиканың айтарлықтай пайдаланылмаған әлеуетіне ие және елдің энергетикалық кешенін дамытудың негізгі бағыты болып табылады. Компоненттерге деген сұраныс негізінен Қытай мен Ресейден импорт арқылы қанағаттандырылады. Сонымен қатар географиялық және климаттық жағдайлар Қазақстанға өңірдегі тұрақты энергетика өндірісін ұлғайтуда стратегиялық артықшылық береді, ал компоненттерге деген сұраныс жаңартылатын энергия көздері саласындағы инвестициялық жобалардың көптігіне байланысты артып келеді. Осылайша, жаңартылатын энергия көздері компоненттерін өндіру нарығы отандық және шетелдік инвесторлар үшін үлкен мүмкіндіктерді ұсынады, және біз бұл бағыттағы инвестициялық жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз».
Тараптар сондай-ақ денсаулық сақтау және өңірлік даму салаларындағы агенттіктің болашақ жобаларын талқылады.
Кездесу соңында Г. Калленс Қазақстан тарапына көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіріп, келешекте перспективалы жобаларды іске асыруда одан әрі ынтымақтастыққа үміт білдірді.
AFD – дамушы елдерде мемлекеттік мекемелер мен жеке компанияларды қолдау арқылы жобаларды қаржыландыратын Франция үкіметінің агенттігі. Еуразия бойынша өңірлік кеңсе төрт бағытта жұмыс істейді: қалалардың тұрақты дамуы, табиғи ресурстарды кешенді аумақтық басқару, таза энергияға көшу және инклюзивті саяси және экономикалық даму модельдері.

 

Previous Post

МОНШАЛАР МЕН САУНАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

Next Post

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Moody’s рейтинг агенттігінің сарапшыларымен кездесті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі