13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ОБЪЕКТІЛЕРІ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ КҮШЕЙТІЛГЕН БАҚЫЛАУЫНДА

5 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ОБЪЕКТІЛЕРІ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ КҮШЕЙТІЛГЕН БАҚЫЛАУЫНДА
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышановтың төрағалығымен кезекті лездемелік жиын өтіп, онда хаттамалық тапсырмалардың орындалуы мен алдағы жоспарлар пысықталды. Атап айтқанда облыстағы білім ошақтарының жаңа оқу жылына дайындығы, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруына қарсы атқарылып жатқан шаралар және салаларға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
– Білім беру мекемелері жаңа оқу жылында оқушылардың сапалы білім алуымен қатар, саулығының сақталуына да аса көңіл бөлуі қажет. Мектептерінде жұмыс істейтін мұғалімдер медициналық тексеруден өткен және жұмысқа рұқсаты бар болуы тиіс. Осы санитариялық қағидаларға сәйкес білім беру объектілерінің аумағы қоршалып, аумағында функционалдық қатысы жоқ объектілерді орналастыруға жол берілмеуі керек. Аумақтық басқармалар тарапы дезинфекциялық ерітінділерді пайдалану арқылы күнделікті тазалау жұмыстары жүргізіліп, жәндіктердің, кенелердің және кеміргіштердің болуына жол бермеу үшін дератизациялық және дезинсекциялық іс-шаралар жүргізілуіне бақылау жасасын. Жалпы білім беру объектілері санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің күшейтілген бақылауында тұру қажет, — деді департамент басшысы Нұрбек Нышанов.
Жиын барысында департамент басшысы Нұрбек Садықбекұлы әрбір салада атқарылып жатқан жұмыстарға талдау жасап, ұсыныстарды тыңдады. Жоспарлы жұмыстарды ширату жөнінде тапсырма жүктеп, орындалуын бақылауға қойды. Сонымен қатар, өңірдегі кез-келген инфекциялық, паразитарлық аурулардың алдын-алу, азаматтардың тағамнан жаппай улаунуына жол бермеу, кез-келген тексерулерді заң аясында іске асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Нышанов Нұрбек Садықбекұлы

ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

Previous Post

Әл-Фараби ауданы бойынша ХҚКО жөндеуден кейін жаңғыртылды

Next Post

Алаяқтыққа тән транзакциялар бойынша дерек алмасу орталығы өндірістік пайдалануға берілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі