13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әл-Фараби ауданы бойынша ХҚКО жөндеуден кейін жаңғыртылды

5 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
Әл-Фараби ауданы бойынша ХҚКО жөндеуден кейін жаңғыртылды
Share on FacebookShare on Twitter

«Азаматтарға арналған үкімет» Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс атқаруда. Бүгін Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында жөндеуден кейін жаңа цифрлық кеңсесі ашылды. Мұнда қала тұрғындары 1200-ден астам мемлекеттік қызмет ала алады.

Цифрлық кеңселердің кәдімгі ХҚКО-дан басты айырмашылығы соңғы үлгідегі құрал-жабдықтардың болуы және қызмет көрсетудің заманауи тәсілі. Мәселен, жаңғыртылған ХҚКО-да жөндеу жұмыстары жүргізілді, жиһаз және кеңсе техникасы ауыстырылды.

Сонымен қатар, цифрлық форматтағы кеңсе кайдзен тұжырымдамасы негізінде жұмыс істейді. Цифрлық кеңсе заманауи құрылғылар мен жабдықталған және мемлекеттік қызметтерді тез әрі ыңғайлы алу үшін түрлі-түсті аймақтарға бөлінген. Жаңа ХҚКО-да ресепшн, дайын құжаттарды беру, «жылдам» қызметтерді көрсететін жылдамдық аймағы, өзіне — өзі қызмет көрсету аймағы, e-Otinish беруге арналған орын сияқты өзгеде аймақтар қарастырылған.

Сондай-ақ, цифрлық кеңседе клиенттер «байланыс және ену» аймағында кез келген қажетті мемлекеттік қызметті өз бетінше ала алады. Бұдан басқа, бұл аймақтарда қызметкерлер клиенттерге цифрлық сауаттылықты үйретеді.

Айта кетейік, Шымкентте қазіргі уақытта 12 халыққа қызмет көрсету орталығы бар, оның ішінде 4 мамандандырылған ХҚКО және бір көші-қон қызметтерін көрсету орталығы жұмыс істейді. Барлық орталықта көлік тұрағы және мүкіндігі шектеулі жандарға арналған шақырту қоңыраулары мен жайлы пандустар қарастырылған.

Әл-Фараби аудандық ХҚКО Шымкент қаласы, Жангелдин көшесі, 13 «А» мекенжайында орналасқан.
Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліссіз.

Previous Post

Шымкенттік кәсіпкерлер маркетплейсті меңгеру вебинарына қатысты

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ОБЪЕКТІЛЕРІ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ КҮШЕЙТІЛГЕН БАҚЫЛАУЫНДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі