13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Алаяқтыққа тән транзакциялар бойынша дерек алмасу орталығы өндірістік пайдалануға берілді

5 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
Алаяқтыққа тән транзакциялар бойынша дерек алмасу орталығы өндірістік пайдалануға берілді
Share on FacebookShare on Twitter

Антифрод-орталық өз қызметі аясында жеке тұлғалармен өзара байланыс орнатпайды.

Ұлттық Банк Алаяқтыққа тән транзакциялар бойынша дерек алмасу орталығының (бұдан әрі – Антифрод-орталық) өндірістік пайдалануға берілгенін хабарлайды. Жоба құқық қорғау органдарымен және қаржы нарығына қатысушылармен бірлесіп іске асырылды.

Антифрод-орталығы алаяқтық белгісі бар операцияларға қарсы әрекет ету үшін құрылған. Қаржы ұйымдарына алаяқтыққа тән операцияларды анықтауға және бұғаттауға, алаяқтық белгісі бар операцияларға жедел әрекет етуге, оның қатысушылары арасында нақты уақыт режимінде ақпарат алмасуға да мүмкіндік береді. Антифрод-орталықтың жұмысы алаяқтық операциялар бойынша бірыңғай деректер базасын жүргізуді де көздейді.

Платформа іске қосылған сәттен бастап қаржы ұйымдары мен құқық қорғау органдары алаяқтық операциялар бойынша 400-ге жуық фактіні анықтады және алаяқтық әрекеттермен байланысты 30 миллион теңгеге жуық қаражатты бұғаттады.

Антифрод-орталығы ашық бағдарламалық интерфейстер (API) мен бизнес- процестерді автоматтандыру арқылы одан әрі дамып, технологиялық функционалдылықты кеңейте түседі. Күдікті транзакцияларды анықтау тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллект технологияларын қолдану да жоспарда бар.
Ұлттық Банк, сондай-ақ, ықтимал алаяқтық әрекеттердің алдын алу үшін Антифрод- орталықтың қызметкерлері мен өкілдері ақпарат жинау немесе қандай да бір операция жүргізу мақсатында ешуақытта жеке тұлғаға қоңырау шалмайтынын хабарлайды.

Антифрод-орталық өз қызметі аясында жеке тұлғалармен өзара байланыс орнатпайды, тек қаржы, төлем ұйымдарымен, құқық қорғау органдарымен және ұялы байланыс операторларымен жұмыс істейді. Осыған байланысты азаматтарды қырағы болуға және Антифрод-орталығы атынан деп қоңырау шалуы мүмкін алаяқтардың әрекетін елемеуге шақырады.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ОБЪЕКТІЛЕРІ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ КҮШЕЙТІЛГЕН БАҚЫЛАУЫНДА

Next Post

Запущен Центр по обмену данными о мошеннических транзакциях

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі