13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте заманауи қонақ үйлердің артуы туризмнің дамуына айрықша серпін беруде

17 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкентте заманауи қонақ үйлердің артуы туризмнің дамуына айрықша серпін беруде
Share on FacebookShare on Twitter

Әлемге әйгілі «Hilton» қонақ үйі «Шымкент Сити» шағынауданында бой көтеріп, 2026 жылы ашу жоспарлануда. Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Әділханов Бексұлтан Ержанұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «2024 жылдың І жартыжылдығында Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар саласында атқарылған жұмыстары туралы» тақырыбында баспасөз конференциясын өткізді. Спикердің сөзінше, биыл темір жол вокзалының реконструкциялау жұмысы аяқталып қолданысқа берілсе, жаңа әуежай терминалы осы жылдың соңына дейін ашылады. Заманауи қонақ үйлердің артуы туризмнің дамуына айрықша серпін беретіні анық. Осы тұрғыда 2024 жылға 8 туристік инвестициялық жобаның құрылыс жұмыстары басталып, жыл соңына дейін іске қосылуы жоспарлануда («Makhambet», «Kazakh Hotel», «Алтай», «Керемет», «Zeinnur-Tau», Dara Garden Hotel, Mardan, «Diamond Hotel»).

Сонымен қатар маусым айында Шымкентте бес жұлдызды қонақ үйдің құрылысы басталған. Әлемге әйгілі «Hilton» қонақ үйі «Шымкент Сити» шағынауданында бой көтеріп, 2026 жылы ашу жоспарлануда. Жалпы қонақ үйде 167 бөлме, 1-ballroom, мейрамханалар, фитнес-орталық және бірнеше конференц – залдар бар. Құрылыстың арқасында 200-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады. Сонымен қатар, басқарма басшысы 2024 жылдың 5 маусымында Шымкент қаласының дарынды жастарымен бірлесе «контент мейкерлердің» клубы құрылғанын да атап өтті. Клубтың басты мақсаты қаланың туристік әлеуетін видео және фотомалериалдар арқылы әлеуметтік желілерде жариялау мен насихаттау.

Қазіргі таңда клубка 15 адам мүше. Шымкент қаласының туристік саласын жарнамалау бойынша 50 фото және 110 видеоматериал шығып, әлеуметтік желілерде жарық көрген. Аталған ақпараттар халық арасында таралып, маңызды туристерді тартатын тетік қызметіне айналуда. Жалпы қаралым саны 1,5 млн. құраған. Туристерді тартудың бірден-бір құралы – қаланы жарнамалау екендігі белгілі. Осы орайда, биыл 28-30 маусым аралығында 15 шетелдік және 15 отандық блогерлерге ақпараттық-блог тур ұйымдастырылған. Блог турдың қорытындысы бойынша Түркия, Мысыр, Латвия, Әзірбайжан және Қырғызстан елдерінен келген блогерлер видео бейнематериал түсіріп, пост жариялаған.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Next Post

​ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІНЕ ЖІТІ НАЗАР АУДАРУДЫ ТАПСЫРДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі