13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

​ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІНЕ ЖІТІ НАЗАР АУДАРУДЫ ТАПСЫРДЫ

17 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
​ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІНЕ ЖІТІ НАЗАР АУДАРУДЫ ТАПСЫРДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков сала мамандарымен бірге қаладағы бірқатар нысандарды аралады. Қаратау ауданындағы өрт сөндіру депосы кешені мен Оқушылар сарайының құрылысында болып, салалық басқарма басшысы мен аудан әкіміне құрылыс сапасына бақылауды күшейту тапсырылды. Сондай-ақ, Алматы мен Ташкенттен қалаға кіре берісте «Shymkent» жазуы бар стела орнату орындарын тексерді. Бұдан бөлек, Абай ауданы, “Ынтымақ” шағынауданына қарасты Жидебай көшесінің тұрғындарымен кездесті. Табиғи газбен қамту, кәріз, көше мен тротуарларды асфальттау мәселелері талқылады. Тұрғындар жылдар бойы шешілмей келе жатқан жақын маңдағы қоғамдық көлік аялдамасына жаяу жүргіншілер жолын ұйымдастыру мәселесін көтерді.

Екі жақты әңгімелесе келе айтылған проблеманың оң шешімі табылып, учаске иесі тұрғындар үшін жолды ашып беретін болды. Сол жерде аудан әкіміне уақытша өту жолын ұйымдастыру бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды. Сондай-ақ, қала басшысы алдағы уақытта заң талаптарын сақтай отырып, жер телімін мемлекетке қайтару мәселесін қарастыратынын жеткізді. Әкім мен оның әріптестері Әл-Фараби ауданы, Әлімқұлов көшесінде тұратын тұрғындардың өтінішін де назардан тыс қалдырмады. Кездесу барысында халық көшені жарықтандыру, пандустың жоқтығы және балалар алаңын жаңғырту қажеттілігі сынды бірқатар өзекті мәселелерді қозғап, шешу жолдарын қарастыруды айтты. Осы мәселеге орай әкім аудан әкімдігіне бірқатар нақты тапсырмалар жүктеп, азаматтардың өтінішіне жіті назар аударуды тапсырды. Аралау соңында Еңбекші ауданы, “Қаратөбе” шағынауданының тұрғындарымен де кездесу болды. Онда суару жүйесі мен спорт нысандарының жұмысы, кәріз желілерін жаңғырту мен гүлзар салу мәселелері талқыланды.

Previous Post

Шымкентте заманауи қонақ үйлердің артуы туризмнің дамуына айрықша серпін беруде

Next Post

Шымкентке жыл басынан бері 110 мыңнан астам турист келген

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі