Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нышанов Нұрбек Садықбекұлының бұйрығымен Түркістан қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы лауазымына Имантаева Шарифа Омарәліқызы тағайындалды. Түркістан облысының бас мемлекеттік-санитариялық дәрігері Нұрбек Нышанов басқарма ұжымына жаңа басшысыны таныстырып, бірқатар тапсырмалар жүктеді. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау сапасын көтеруді, саладағы бірқатар өзекті мәселелерді шешуді міндеттеп, жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейін қалалық басқармаға жетекшілік еткен Оралбек Жиеналивке өз алғысын айтып, Түркістан облысының санитариялық-бақылау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалғанын жеткізді.
Шарифа Омарәліқызы 1976 жылы дүниеге келген. Білім жоғары. Мамандығы — медико-профилактикалық іс. Еңбек жолын 1993 жылы Алмалық қаласында медицина колледжінің мұғалімі болып бастаған. Кейіннен Түркістан қаласында СЭС эпидемиологы, Түркістан қалалық СЭҚБ бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Түркістан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы, Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Түркістан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы, Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің балалар және білім беру объектілерін санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы, Түркістан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті балалар мен жасөспірімдер арасында инфекциялық емес ауруларды бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды. 2020 жылдан бүгінгі күнге дейін Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің бөлім басшысы лауазымын атқарып келді.
Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі