Жазғы маусым басталысымен балалардың тиімді демалысын ұйымдастыру мақсатында сауықтыру лагерьлерінің алатын орны ерекше. Түркістан облысының Төлеби ауданы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және аумақтық басқармалармен жазғы сауықтыру маусымы қарсаңында сауықтыру лагерьлерінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені жүргізілді. Бүгінгі таңда барлық 11 жазғы сауықтыру ұйымдары балаларды қабылдап, жұмыстарын жалғастыруда.
Санитариялы-эпидемиологиялық бақылау мамандарымен сауықтыру лагерьлерінің қызметкерлері үшін 10-нан астам оқыту семинарларын өткізді. 11 лагерьде санитариялық қағидалардың талаптары бойынша консультациялар мен түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Маусым бойы жазғы сауықтыру орындарында санитарлық талаптардың сақталуына, су айдындары мен бассейндердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізілетін болады.
Өз кезегінде Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ата-аналарға лагерьді таңдау кезінде облыстық білім басқармасының сайтында немесе санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында орналастырылған балаларды сауықтыру ұйымдарының тізбесін басшылыққа алуды, салқын тиюге, күн өтуге және жарақат алуға жол бермеу үшін сөмкеге жылы күрте немесе куртка, шұлық, кепка немесе қалпақ, жабық аяқ киім, сандал салуға, жолға бөтелкедегі газдалмаған су түріндегі құрғақ рационды, печенье, май мен ірімшік қосылған бутербродтарды және тез бұзылатын өнімдерден, атап айтқанда ет, балық, сүзбе, кілегей қосылған торттар, тәтті газдалған сусындар, жидектер, бақша өнімдерін жолға салмауға, лагерьлерге әкелмеуге кеңес береді.
Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Нышанов Нұрбек Садықбекұлы