13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бала қауіпсіздігі – басты назарда

13 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
Бала қауіпсіздігі – басты назарда
Share on FacebookShare on Twitter

Жеке балабақшалар бизнес субъектілері болғандықтан мемлекеттік органдар тарапынан тексеру, бақылау жүргізіледі. Өйткені мемлекет үшін бала қауіпсіздігі мен денсаулығы басты назарда. Оның үстіне, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын және орта бизнесті тексеруге мораторийдің қолданылуы тоқтатылды. Демек, жекеменшік кәсіп иелеріне жоспардан тыс тексерулер басталады. Қазақстанда өз өкілеттігі шегінде бақылау мен тексеруді жүзеге асыратын кез келген мемлекеттік органның, егер тексеру үшін негіздер болса, балабақшаны да тексеруге құқығы бар.

Осыған орай, Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Білім беру саласындағы кәсіпкерлер салалық кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Палата басшылығы, қалалық прокуратура өкілдері, Шымкент қаласы әкімдігінің түрлі басқармаларының жетекшілері, кәсіпкерлер қатысты.
Жиында қаладағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын кешенді тексеру мәселесі көтерілді. «Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығы» Шымкент қалалық филиалының директоры Диана Караманованың айтуынша, балабақшаларда бүгінгі таңда прокурорлар тарапынан жоспардан тыс тексеру жүруде.
– Бұл тексерулерді жүргізу үшін Шымкент қаласының прокуратурасы 16-ға жуық бақылау органының мамандарын жұмылдырған. Қазіргі таңда осы тексерулердің салдарынан қолайсыз құқықтық, экономикалық, әлеуметтік жағдай туындап отыр. Оған қоса прокуратура қаулысындағы тексерулер саны арнайы сайттардағы тексеруден көп. Сонымен қатар кейбір жекеменшік балабақшалардың қызметкерлері тексерушілердің дөрекі сөйлеп, комиссия құрамында тізімде жоқ адамдардың бар екенін айтуда. Осыларды ескере отырып прокурорлық тексерулерді ҚР Президентінің, ҚР Бас прокурорының тапсырмаларына сай және ҚР заңдарына сай етіп жүргізуді сұраймыз, – деді Диана Караманова.
Кәсіпкерлер тексерулер салдарынан балабақшаларды білім беру процесіне кедергі келіп, мамандардың арасында да, ата-аналардың арасында да түсініспеушілік туындап отырғанын айтады. Сондай-ақ, нарықта білім саласына қажет қызмет көрсету өнімдерінің бағасы қымбаттап, кәсіпкерлерге шығын келтіруде.
– Ең алдымен мұндай тексерулердің бүкіл Қазақстан бойынша өтіп жатыр. Бас прокурордың тікелей бақылауындағы бұл тексерулерде барлық заң талабы қатаң сақталғанын жауапкершілікпен айта аламын. Тексерулерге қатысатын барлық органдардың қызметкерлеріне қызметтік және құқықтық этика мен заң талаптарын сақтау туралы нақты ескертілген. Егер қандай да бір күдікті жағдай туындаса, тікелей маған хабар беруге болады. Комиссия құрамында тізімде көрсетілмеген адам болса, оны кәсіпкер өз мекемесіне кіргізбеуге құқылы. Барлық тексеруші қызметкердің аты-жөні мұқият келісілген. Және тексеру қаулысы сайтта тұр, – дейді кәсіпкерлердің шағымын мұқият тыңдаған Шымкент қаласы прокурорының аға көмекшісі Қайсар Қалдыбаев.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қойылатын талап расында көп. Мысалы, бала жасына қарай үстел мен орындықтың мөлшері, төсегіндегі көрпесі, матасы, жастығының қалыңдығы, жақсы матадан тігілуі, сапалы ойыншықтар, тоңазытқышта азық-түліктің санитариялық нормаларға сай орналастырылуы, дұрыс сақталуы, өрт қауіпсіздігі және т.б. Мұның бәрі қажетті орынды талаптар. Өйткені бала тәрбиеленіп жатыр. Сондықтан барлық белгіленген талап пен нормаларды орындап, ашық жұмыс істеу көп мәселенің шешімі дейді кәсіпкерлер.
Шымкент қаласы прокурорының аға көмекшісі жиында балабақша өкілдерінің сұрақтарын тыңдап, жеке жауап берді. Құзырлы орган өкілдерінің тарапынан заң аясынан тыс әрекеттің болмауы қатаң ескертілгенін тағы да қайталап, қандай да бір сұрақ туындаса өкілетті орындарға хабарласулары керектігін айтты.
Кеңес отырысының соңында Палата директорының орынбасары Мақсат Өткелбаев қалалық білім басқармасы басшысының орынбасарына тиісті мекемелер мен балабақша жетекшілерін жинап, тексерулер мен олардың қалай өтетіні туралы кеңінен түсіндіруді ұсынды. Бұл ұсынысты барлық тарап қызу қолдады.
Дегенмен, білім беру ұйымдарын бақылауды жүзеге асыру өкілеттігі берілген мемлекеттік органдар басшылыққа алатын нормативтік-құқықтық актілердің мазмұнында қайшылықтар болмауы тиіс дейді маман.

Previous Post

«НҰРСӘТ» АЛЛЕЯСЫ ТАЗАЛАНДЫ

Next Post

Жұмыспен қамту – мемлекеттік саясаттың басым бағыты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі