Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Игі істер марафоны» жобасының экологиялық аптасы аясында Қаратау ауданында орналасқан Нұрсәт аллеясында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Жастарды ізеттілікке, парасаттылыққа баулыйтын шара, жыл бойына жалғасын табады. Қала тазалағына ерекше мән беретін еріктілердің бұл жұмысына тұрғындар дән риза. Сондай-ақ, тазалыққа жауапты мамандар да өз алғыстарын білдіруде.
Жастар ресурстық орталығының Қаратау ауданының жастарымен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Бекарыс Бахадыр Туған жердің тазалығы әр адамға парыз болса, «Таза Қазақстан» акциясы соның алғышарты екендігін айтты.
— Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағыталған шара бүгінгі күні халықтың ыстық ықыласын, белсенділігін туғызды. Ал, қаламыздың қай кез болсын мұнтаздай болып тұруына тазалақшылардың еңбегі зор. Дегенмен, дәстүрге айналған тазалық жұмыстарына ерікті жастар және Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері өзіндік үлесін қосуда,-дейді Бекарыс Бахадыр.
Жастар “Нұрсәт” аллеясындағы ағаштарды әктеу, сырлау және шашылған қоқыстарды жинау жұмыстарын жүргізді.
Shymcity жаңа саябағында «Игі істер марафоны» жобасының «Экологиялық апталығы» аясында тазалық іс-шарасы өтті. Қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ және Абай ауданы әкімшілігі бірлесе ұйымдастырған іс-шараның мақсаты – жастарды ізеттілікке, парасаттылыққа баулу және де бәрімізге ортақ қаламыздың тазалығы мен мәдениеттілігін сақтай отырып, осы игі іс-шараны жастар арасында насихаттау.
Тазалық жұмыстарына «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері, «Jasyl el» еңбек жасағы және қаламыздың 50-ге жуық ерікті жасы қатысты. Іс-шара барысында ерікті жастар саябақтағы қоқыс жәшіктерін тазартып, ағаштарды ретке келтірді. Одан бөлек, көше бойларындағы арық-атыздарды қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, экоакцияға аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысшылары мен 12 техника жұмылдырылды.