13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ПЕРСОНАЛДЫҢ РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАСЫЗ ЕТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

8 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
ПЕРСОНАЛДЫҢ РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАСЫЗ ЕТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
29
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – персонал мен халықтың сәулелену деңгейлерін төмендетуге бағытталған ұйымдастыру, технологиялық, техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және медициналық-профилактикалық іс-шаралар кешенін жүзеге асыру болып табылады.

Халықтың радиациялық қауіпсіздігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» туралы бұйрығының талаптарына сәйкес адамдардың өмір сүру жағдайларын жасаумен, радиациялық бақылауды ұйымдастыру және радиациялық жағдай туралы ақпарат жүйесін ұйымдастырумен қамтамасыз етіледі.

Радиациялық бақылау объектілері – өндірістік жағдайларда иондаушы сәулеленудің әсері кезінде «А» және «Б» топтарының персоналы, медициналық рентгендік-радиологиялық рәсімдерді орындау кезіндегі пациенттер, табиғи және техногенді сәулелену көздері ықпал еткен кездегі халық адамның тіршілік ету ортасы болып табылады.

Персоналдың радиациялық қауіпсіздігін қамтасыз ету үшін төмендегі талаптарды сақтау қажет:

— радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтарда және лауазымдық нұсқаулықтарда белгіленген радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды білу және орындау;

— жеке дозиметрлік бақылау құралдарын және жеке қорғаныш құралдарын пайдалану;

— алдын ала және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексеруден өту;

— сәулелену көздері болып табылатын қондырғылардың, аспаптар мен аппараттардың жұмысындағы барлық анықталған ақаулар туралы цехтың, учаскенің, зертхананың басшысына және тиісті лауазымды адамдарға және радиациялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті адамға дереу хабарлау;

— жұмыстарды орындау кезінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты радиациялық қауіпсіздік қызметінің (немесе жауапты адамның) нұсқауларын орындау;
Радиациялық объектіде және оның айналасындағы радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін:

— радиациялық объектіні орналастыру үшін аудан мен алаңды, сәулелену көздерін физикалық қорғау деңгейін таңдаудың негізделуін, 1 және 2 санаттағы объектілердің айналасымен және ішкі аймағын аймақтарға бөлуді қамтитын радиациялық объектінің жобалық құжаттамасын дайындау кезінде нормативтік құқықтық актілер талаптарын сақтау;

— технологиялық жүйелерді пайдаланудың қауіпсіз шарттарын құру;

— сәулелену көздерімен қызметті санитариялық-эпидемиологиялық бағалау;

— радиациялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;

— «А» тобы персоналының біліктілігін және сәулелену көздерімен жұмыс істеу ережелері бойынша білімдерін арттыру қажет.

 

ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Нышанов Нұрбек Садықбекұлы

Previous Post

Бейбітшілік пен келісім алаңы

Next Post

Қазақстан Елшісі Лаос Президентіне сенім грамоталарын табыс етті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі