13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мемлекет басшысы АҚШ-тың Сауда өкілі Кэтрин Тайды қабылдады

16 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Мемлекет басшысы АҚШ-тың Сауда өкілі Кэтрин Тайды қабылдады
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кэтрин Тайдың сапары Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы отыз жылда екі ел сауда, инвестиция, қауіпсіздік, адам құқықтары және демократия секілді көптеген салада стратегиялық серіктестікті нығайтты.

– Сіздің еліңіз – Қазақстан экономикасындағы ірі шетелдік инвесторлардың бірі. Тікелей шетелдік инвестицияның жалпы көлемі 65 миллиард доллардан асады. Былтыр екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 4,1 миллиард долларға жетіп, 30 пайыздық өсім көрсетті. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Қазіргі уақытта Қазақстанда 600-ден астам америкалық компания табысты жұмыс істеп жатыр. Мен инвестициялық тартымдылықты жақсартуға, экономиканы ырықтандыруға және өнеркәсіпті дамытуға баса мән беремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

АҚШ-тың Сауда өкілі Кэтрин Тай құрмет көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты. Сондай-ақ сауда байланыстарын дамытуға және экономикалық ықпалдастықты нығайту үшін қажетті жағдай жасауға, соның ішінде Сауда және инвестициялар жөніндегі негіздемелік келісімді жүзеге асыруға қатысты жаңа тәсілдерді бетпе-бет талқылауға мүмкіндік бергеніне ризашылығын білдірді. Кэтрин Тай 12-13 маусым күндері Астанаға келеді және АҚШ пен Орталық Азия елдері арасындағы Сауда және инвестициялық негіздемелік келісімнің (TIFA) отырысына қатысады деп жоспарлануда. Тай Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан және Түркіменстанның ресми өкілдерімен АҚШ-Орталық Азия сауда және инвестициялық негіздемелік келісім (TIFA) кеңесінің отырысына тең төрағалық етеді. Кэтрин Тай — Сауда жөніндегі палата комитетінің адвокаты және бас сауда кеңесшісі. Оны АҚШ-тың сауда өкілі қызметіне президент Джо Байден ұсынған.

АҚШ Сауда өкілі сыртқы сауда саясатын үйлестіруге, сауда заңдарын әзірлеуге, екіжақты және көпжақты сауда келісімдерін әзірлеуге жауапты мемлекеттік қызметкер. Ол АҚШ президентінің атқарушы кеңсесінің бөлігі болып табылады.

Previous Post

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымымен экологиялық ынтымақтастықты нығайтуда

Next Post

Роман Скляр Alarko холдингінің басшылығымен инвестициялық ынтымақтастық келешегін талқылады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі