13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Роман Скляр Alarko холдингінің басшылығымен инвестициялық ынтымақтастық келешегін талқылады

16 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Роман Скляр Alarko холдингінің басшылығымен инвестициялық ынтымақтастық келешегін талқылады
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда 1993 жылдан бері қызмет көрсететін Alarko ірі түрік холдингінің басшылығымен кездесу өткізді.

Консорциум құрамында холдинг Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын (ҮАААЖ) салу бойынша ауқымды инфрақұрылымдық жобаны іске асырды.

Сонымен қатар бүгінгі таңда Alarko Шымкентте 500 га астам аумақта ірі жылыжай кешенінің құрылысына $650 млн астам инвестиция салуда. Биыл құрылыс жұмыстарын аяқтап, жобаның I кезеңін пайдалануға беру көзделген.

Холдинг басшылығы жылыжай салу аясында кезең-кезеңімен «әлеуметтік белдеу» құру жоспарланып отырғанын атап өтті. Бұған қоса халықаралық стандарттар бойынша агромамандарды даярлау үшін мамандандырылған академия салу қарастырылған.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға сенім білдірді. Түркия Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптесі және негізгі сауда-экономикалық серіктесінің бірі болып табылады.

Түркия 2022 ж. нәтижесі бойынша РФ, ҚХР және Италиядан кейін ҚР-ның 4-ші сауда серіктесі болды (5-ші орындан көтерілді).

2022 ж. тауар айналымының рекордтық көрсеткішіне 6,3 млрд. долл. (экспорт 4,8 млрд. долл. , импорт 1,6 млрд. долл. ) қол жеткізілді.

2023 ж. 11 айы бойынша сауда айналымы 5,54 млрд. долл. (экспорт 3,65 млрд. долл. , импорт 1.89 млрд. долл. ) құрады.

Жалпы сауда айналымы осы мезгілде 6% (5,89 млрд. доллардан), экспорт 18% (4,47 млрд. доллардан) төмендеп, импорт 33% (1,42 млрд. доллардан) ұлғайды.

Қазақстан экспортының басым бөлігі шикізат: шикі мұнай, мыс және мыс катодтары, өңделмеген мырыш, мұнай өнімдері, бидай, табиғи газ, өңделмеген қорғасын, мақта, көкөністер бұршақ дақылдары,  өңделмеген алюминий.

Импорттың басым бөлігі текстиль: әйелдер тоқыма киімі, күнбағыс тұқымдары, бөлшек сауда үшін өлшеп оралған дәрілік заттар, жейделер, тоқылған фуфайкалар, төсек-орын, асхана, дәретхана және ас үй, автокөліктерге арналған корпустар, әйелдер тоқыма блузкалары, жеңіл автокөлік.

Previous Post

Мемлекет басшысы АҚШ-тың Сауда өкілі Кэтрин Тайды қабылдады

Next Post

TIFA елдері сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейтуге келісті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі