13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымымен экологиялық ынтымақтастықты нығайтуда

16 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымымен экологиялық ынтымақтастықты нығайтуда
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин БҰҰ-ның Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасының (ЮНЕП) Еуропа үшін Директоры және Өңірлік өкілі Арнольд Крайльхубер бастаған ЮНЕП-тің делегациясын қабылдады. Аталған сапар Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты нығайту аясында ЮНЕП бастамасымен өтті.

Келіссөздер барысында тараптар жаһандық экологиялық күн тәртібі бойынша пікір алмасып, климаттың өзгеруінің Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің орнықты дамуына әсерін толығырақ талқылады.

А.Рахметуллин 2026 жылы БҰҰ қамқорлығымен Өңірлік климаттық саммит және француз тарапымен «One Water Summit»-ті өткізуді, сондай-ақ Климаттың өзгеруі және жасыл энергетика жөніндегі Орталық Азия үшін Жобалық кеңсені іске қосумен бірге экология және орнықты даму саласындағы қазақстандық бастамалар туралы хабардар етті. «Біздің еліміз БҰҰ-ның табиғатты қорғау конвенцияларының мақсаттары мен міндеттеріне берік және біз ЮНЕП-пен серпінді жасыл жобаларды іске асыруға үміттенеміз», – деп атап өтті қазақстандық дипломат.

Өз кезегінде, А.Крайльхубер еліміздің белсенді экологиялық ұстанымын, оның ішінде БҰҰ қамқорлығымен 2026 жылы Өңірлік климаттық саммит өткізу бастамасын жоғары бағалады және ЮНЕП-тің осы іс-шараны бірлесіп ұйымдастыруға дайын екенін білдірді. «Қазақстан біз үшін үйіміз болып табылады, өйткені Алматыда біздің Орталық Азия үшін Субөңірлік кеңсеміз орналасқан, сондықтан біз Сіздің еліңізбен экологиялық және климаттық салалардағы ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз», – деді БҰҰ өкілі.

Осыған байланысты, А.Крайльхубер ЮНЕП-тің Алматыдағы субөңірлік кеңсесінің әлеуетін нығайту жөніндегі жоспарлары және БҰҰ агенттігінің Қазақстандағы және Орталық Азия елдеріндегі болашақ жобалары туралы ақпаратпен бөлісті.

Қорытындылай келе, тараптар ортақ жобаларды жоспарлы түрде ілгерілетуге уағдаласты және оларды одан әрі іске асыру жөніндегі қадамдарды белгіледі.

БҰҰ-ның Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) 1972 жылы құрылған. БҰҰ жүйесі шеңберінде жаһандық экологиялық күн тәртібін айқындайтын, келісілген орнықты дамудың экологиялық компонентін іске асыруға жәрдемдесетін жетекші дүниежүзілік табиғатты қорғау ұйымы. ЮНЕП штаб-пәтері Найробиде (Кения) орналасқан. 2015 жылдың наурыз айынан бастап Алматыда Орталық Азия елдері үшін ЮНЕП Субөңірлік кеңсесі жұмыс істейді.

Previous Post

Қазақстан мен АҚШ сауда-инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуда

Next Post

Мемлекет басшысы АҚШ-тың Сауда өкілі Кэтрин Тайды қабылдады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі