13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АҚШ Елшілігі Қазақстанның заманауи институттарын нығайтуға үлес қосып келеді — Джуди Куо

10 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
АҚШ Елшілігі Қазақстанның заманауи институттарын нығайтуға үлес қосып келеді — Джуди Куо
Share on FacebookShare on Twitter

АҚШ Елшілігінің қолдауымен өтіп жатқан қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың VII форумында АҚШ-тың Уақытша сенімді өкілі Джуди Куо Қазақстан озық технология көшін бастап келе жатқан елдердің қатарында екенін атап өтті.

«АҚШ Елшілігі Қазақстанның жас мемлекет ретінде дамуына қолдау көрсетіп, заманауи институттарын нығайтуға үлес қосып келеді. Қала берді, жаңа экономикалық мүмкіндіктерді ашу бағытында Қазақстан үкіметі, азаматтық қоғамы және жеке сектордағы әріптестерімізбен 30 жылдан астам уақыт бойы баянды байланыс орнатылған. Біз Қазақстанның жас мемлекет ретінде өркендеуі үшін өзінің бай мұрасының тілдік және мәдени дәстүрлерін қабылдап, құндылықтардың ХХІ ғасырдағы өркениетпен үйлесім табатынына сенімдіміз. Бүгінде демократиясы артқан Қазақстан Орталық Азияның күшті державасына айналып, бейбітшілікке жол бастайды», — деді Джуди Куо.

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов жасанды интеллект пен жаңа технологиялардың дамуы қазақстандықтардың өміріне қалай әсер ететінін айтып берді.

«Біраз уақыт бұрын смартфондардың өміріміздің ажырамас бөлігіне айналатынын білдік пе? Жасанды интеллект те дәл солай біртіндеп тұрмысымызға еніп келеді. Тіпті, шынайы өмір мен виртуалды әлемнің ара-жігін ажырату қиынға соғуда. Жасанды интелдектен туындайтын қауіп-қатерді ұмытпаған жөн. Алдағы уақытта ЖИ адаммен санаспай, өзі шешім қабылдайтын деңгейге жетуі мүмкін. Біз бұған дайын болуымыз керек», — деді ол.

Белгілі болғандай, әлемде жасанды интеллекттің қатысуымен 4 трлн АҚШ долларына бағаланатын тауарлар өндіріледі екен. Ал, 2030 жылға қарай барлық көрсетілетін қызметтердің 70 пайызы ЖИ арқылы реттеледі деген болжам бар.

Previous Post

Түркия Қазақстанның ет өнімдеріне қойылған шектеуді алып тастады

Next Post

Павлодарда Венгрия елшілігінің өкілдігі ашылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі