13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Павлодарда Венгрия елшілігінің өкілдігі ашылды

10 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Павлодарда Венгрия елшілігінің өкілдігі ашылды
Share on FacebookShare on Twitter

Өкілдік Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан өңірлері үшін қызмет көрсетеді. Оның ашылуына Венгрияның еліміздегі төтенше және өкілетті елшісі Отто Иван Рона қатысты.

Қазақстан мен Венгрия — серіктес елдер. Қос мемлекет арасындағы ықпалдастық оң тұрғыда дамып келеді. Соңғы жылдары сауда-экономикалық айналым, мәдениет пен білім-ағарту байланысы жақсы қарқын алған. Облыс орталығында ашылған елшілік өкілдігі ынтымақтастықтың әлеуетін арттыра түспек.

«Қазіргі уақытта біздің мемлекеттің Қазақстан бойынша 5 қалада құрметті консулы бар. Павлодарда ашылған өкілдік Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облыстарын қамтиды деп жоспарланған. Екі ел арасындағы әріптестік дамып келеді. Бұл бізді айрықша қуантып отыр. Венгриялық дипломатия жергілікті кәсіпкерлер үшін тиімді болатыны сөзсіз», — деп атап өтті Венгрияның еліміздегі төтенше және өкілетті елшісі Отто Иван Рона.Уругвай астанасында Қазақстанның құрметті консулдығы ашылады

2024 жылғы 6-10 мамыр аралығында ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаровтың Уругвай мен Бразилияға сапары өтеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

«Уругвайға сапар аясында Сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялардың бірінші раундын өткізу, Монтевидеода Қазақстанның құрметті консулдығын ашу және Астана мен Монтевидео арасындағы саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Уругвай парламентінің сенаты мен өкілдер палатасының депутаттарымен кездесу жоспарлануда», — деді А. Смадияров министрліктің апталық брифингінде.

Сонымен бірге, Қ. Омаров Уругвайдың бизнес топтарының өкілдерімен дөңгелек үстел жұмысына қатысады.

Латын Америкасы энергетика ұйымының және Латын Америкасы интеграция қауымдастығының басшылығымен кездесулер өткізеді.

Previous Post

АҚШ Елшілігі Қазақстанның заманауи институттарын нығайтуға үлес қосып келеді — Джуди Куо

Next Post

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрланған көшірмесіне қол жеткізді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі