13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркия Қазақстанның ет өнімдеріне қойылған шектеуді алып тастады

10 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Түркия Қазақстанның ет өнімдеріне қойылған шектеуді алып тастады
Share on FacebookShare on Twitter

2024 жылғы 7 маусымнан бастап Қазақстандық өнімді Түркия нарығына жеткізуге кедергі болған бірқатар шектеулер алынып тасталды. 2005 жылдан бері құс тұмауы бойынша, 2016 және 2022 жылдардан бері аусыл және нодулярлық дерматит бойынша шектеулер қолданылып келген болатын.
2024 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер министрлерінің Таразда өткен кездесуінде кедергілер мәселесін көтерген болатын.
«Қазақстан Түркия, Түрікменстан және Мажарстан нарығына жоғары сапалы ет өнімдерін жеткізуге дайын екенін білдіреді. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда Түркия нарығы ветеринарлық қызметтер желісі бойынша қазақстандық жеткізушілер үшін іс жүзінде жабық. Биылғы жылдан бастап ҚХР мен РФ тарапынан Қазақстанға қатысты осындай шектеулер алынып тасталғанын атап өткім келеді. Осыған байланысты түрік тарапымен де осы мәселені қарауға қайта оралуға болады деп есептейміз», — деп атап өтті Айдарбек Сапаров. Кедергілерді алып тастау мәселелері Түркия Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гизлигидер Эбубекирмен екіжақты кездесу барысында кеңінен талқыланды.
Түпкілікті шешім ағымдағы жылдың мамыр айында Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының 91-ші сессиясы аясында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі А.Бердалиннің Түркияның ауыл шаруашылығы вице-министрі А.Гюменмен өткізген екіжақты келіссөздер нәтижесінде қабылданды.
Түрік тарапы Қазақстан ұсынған есептерді талдап, Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымына (ДЖДҰ) ұсынып, біздің еліміздің осы аурулармен күресу және оларды жою жөніндегі әрекеттерін жоғары бағалады. Бұл шешім Қазақстандағы агробизнестің жаңа перспективаларын және мал шаруашылығы өнімдеріне қойылатын ветеринариялық талаптарды үйлестіру мүмкіндіктерін кеңейтеді, осы елдер арасындағы сауда қатынастарын нығайтудағы маңызды қадам болмақ.
Қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерін ілгерілетудің келесі қадамы ветеринариялық талаптарды үйлестіру болмақ. Бұл мәселелер де ағымдағы жылдың тамыз айында Айдарбек Сапаровтың Түркия Республикасына сапары барысында талқыланатын тақырыптар тізіміне енетін болады.
Еске салайық, бүгінгі таңда Қазақстанның бірқатар өңірлерінде қой мен ешкі шешегі бойынша шектеулер әлі де бар. Қалған тосқауылдарды алып тастау үшін ҚР АШМ ветеринариялық қызметі қажетті шараларды қабылдайды.

Previous Post

Оңтүстік Корея Қазақстанда көлік орындығы мен астық тасымалдайтын техника шығарады

Next Post

АҚШ Елшілігі Қазақстанның заманауи институттарын нығайтуға үлес қосып келеді — Джуди Куо

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі