Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың басшылығымен ел делегациясы Баку қаласына барды.
Жұмыс сапары Құрметті жерлеу аллеясына барудан басталды. Қазақстан Қорғаныс министрі Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің бейіті мен «Шахидтер аллеясы» мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Ресми сапар аясында генерал-полковник Руслан Жақсылықов әзербайжандық әріптесі генерал-полковник Закир Гасановпен кездесті. Қазақстандық делегация құрамында келіссөздерге Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әлім Байел қатысты.
Қазақстан мен Әзербайжан Қорғаныс министрлері өзара іс-қимылдың ағымдағы және перспективалық бағыттарын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әскери ынтымақтастық саласындағы үкіметаралық келісімге қол қойды. Кездесу барысында қорғаныс ведомстволарының басшылары Қазақстанда өткізу жоспарланып отырған өңірдегі қауіп-қатерлерге ден қою кезінде өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтауға мүмкіндік беретін «Бірлестік-2024» көпұлтты оқу-жаттығуының өзектілігін атап өтті.
Тараптар жауынгерлік дайындық, әскери білім беру, әскери-техникалық ынтымақтастық және басқа да өзара қызығушылық тудыратын салалардағы ынтымақтастықтың әлеуетін талқылады. Бакуде қазақстандық делегация «Шейіттер аллеясы» мемориалдық кешеніне барды. Құрмет аллеясында әскери қызметшілер Әзербайжанның ұлт көшбасшысы Гейдар Әлиевтің қабіріне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов Әзербайжан Қорғаныс министрі генерал-полковник Закир Гасановпен және Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – АР Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Керим Велиевпен кездесті.
Қонақтарды қарсы алған генерал-полковник З. Гасанов достық, бауырластық қатынастарға негізделген әскери ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, жолға қойылған байланыстарды кеңейту қажеттігін мәлімдеді.
Өз кезегінде генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов те жылы қабылдағаны және қонақжайлылығы үшін алғысын білдірді. Ол мұндай кездесулердің екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықты дамытудағы маңыздылығын ерекше атап өтті.
Тараптар әскери, әскери-техникалық, әскери білім беру және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Кездесу соңында Қазақстан делегациясы Қазақстандағы Әзербайжан Қарулы күштерінің әскери атташесі полковник Заур Керімовке «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медалін табыс етті.