13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан-Сарыағаш: Ауданның газ мәселесін толық шешу міндеті тұр

29 декабря, 2020
in Жаңалықтар
0
Түркістан-Сарыағаш: Ауданның газ мәселесін толық шешу міндеті тұр
Share on FacebookShare on Twitter

Тұрғындарды мазалайтын мәселелер, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында анық көрсетіліп, алдағы 5 жылға орындалуы көзделген. Ауданды дамытудың  7 басым бағыттарының басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау.

  1. Экономикалық тұрақты аудан;
  2. Ыңғайлы аудан;
  3. Әлеуметтік қызметке бағдарланған аудан;
  4. Жастарға арналған аудан;
  5. Тарих пен мәдениетті дамыту;
  6. Ашық және есеп беретін жергілікті органдар;
  7. Қауіпсіз аудан.

Жоғарыда аталған Сарыағаш ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында елді мекендерді газдандыру мен жолдардың сапасын жақсарту мәселелері айрықша аталған.

Бүгін Жылға ауылдық округі, Қарақалпақ ауылында «Есіктен-есікке»  акциясы аясында «Nur Otan» партиясы атынан Сарыағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ш.Жарылқасымов және Б.Қожабаева бағдарламаның бағыттарын баяндап, Жылға округі бойынша өзекті мәселердің бірі газ және жол сапасын жақсарту бойынша атқарылатын жұмыстар барысын атап өтті.

Сарыағаш ауданында 71 елді мекеннің 36 (50,7%) елді мекені табиғи газбен қамтылған, қалған 35 елді мекен қамтылмаған. Оның ішінде 4 елді мекен экономикалық жағынан тиімсіз шалғайда орналасқан.

2025 жылы аудан тұрғындарын табиғи газбен 100%  қамтамасыз ету міндетін қойып отыр. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы: ауданға 2 аудандық (Тоболино, Әлімтау) газ таратушы станциясының құрылысына; Шымырбай, Дарбаза, Ақ үй, Құркелес, Жаңаталап, Алғабас, Жылысу, Дастан, Таскескен, Тегісшіл, Мәдениет елді мекендері, жалпы 11 елді мекенді табиғи газға қосуға; 2021-2025 жылдары 31 елді мекеннің тұрғындарын табиғи газбен толық қамтамасыз етуге, оның ішінде: 2021 жылы Бағыс, Береке, Құлтума елді мекендерінде; 2022 жылы 51 разъезд, Ердәуіт, Құрысай, Тасқұдық, Сарысу, Атамекен елді мекендерінде; 2023 жылы Жылға, №3 ферма, Нұрауыл, Шайхана, Шеңгелді елді мекендерінде; 2024 жылы Әлімтау, Қызыласу елді мекендерінде; 2025 жылы Жайдақ құдық, Тасқұдық, Көктал елді мекендерінде газ құбырын салуға ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылы аудан тұрғындары табиғи газбен 100%  қамтамасыз етіледі.

Жол – әрбір аудан өмірінің басты күретамыры. Тұрғындар үшін барлық ауылдарда сапалы жолдар мен жақсы инфрақұрылым болуы тиіс.

Жалпы ауданда республикалық маңызы бар 50,4 шақырым, облыстық маңызы бар 241,9 шақырым, аудандық маңызы бар 109,9 шақырым автомобиль жолдары бар. Елді мекендердің ішкі жолдары 984,2 шақырым.

«Nur Otan» партиясы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекеннің ішкі жолдарын жөндеу мәселелерін шешеді. Біздің міндетіміз – 2025 жылға жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарын 88,2%-дан (96,9 ш.қ.) 96,4%-ға (105,9 ш.қ.) дейін жеткізу.

  • Ауылдық округтеріне қарасты елді мекендердегі ішкі көшелерді 2021-2025 жылдары аралығында 251 көшенің 176 шақырымына (Ақжар ауылдық округі, Жылға, Береке, Құрсай ауылдары) орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етеді. Атап айтқанда:
  • 2021 жылға Сарыағаш ауданының 11 ауылдық округтеріне қарасты 17 елді мекендердегі 41 көшенің 28,6 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
  • 2022 жылға Сарыағаш ауданының 10 ауылдық округтеріне қарасты 20 елді мекендердегі 45 көшенің 31,6 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
  • 2023 жылға Сарыағаш ауданының 12 ауылдық округтеріне қарасты 25 елді мекендердегі 52 көшенің 36,2 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
  • 2024 жылға Сарыағаш ауданының 10 ауылдық округтеріне қарасты 18 елді мекендердегі 55 көшенің 38,2 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
  • 2025 жылға Сарыағаш ауданының 8 ауылдық округтеріне қарасты 22 елді мекендердегі 58 көшенің 41,0 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылы аудандағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі     96,4%-ға дейін артады.

 

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.

«Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді

 

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзNur OtanТүркістанТүркістан облысы“Nur Otan” партиясы
Previous Post

Шымкент : «Nur Otan» партиясы әрбір азаматтың мүддесі үшін жұмыс жасайды

Next Post

Арыс қаласының әкімдігі мүгедек жанды сандалтқаны рас па?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі