13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Шымкент : «Nur Otan» партиясы әрбір азаматтың мүддесі үшін жұмыс жасайды

29 декабря, 2020
in Cаясат
0
Шымкент : «Nur Otan» партиясы әрбір азаматтың мүддесі үшін жұмыс жасайды
Share on FacebookShare on Twitter

«Nur Otan» партиясынан Шымкент қалалық маслихат депутаттығына үміткерлер Оспаналиева Рашкуль, Мейрманов Қайрат, Юсупов Бахтияр  №7 қалалық емхана ұжымымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында партияның алдағы 5 жылдық бағдарламасы баяндалып, сол бағдарламадағы медицина саласындағы басымдықтар жайлы сөз қозғалды.

«Алдағы 5 жылдықта қаламыздағы медициналық мекемелер базасы нығайтылады, шетелдік заманауи технологиямен жабдықталады, 1000 орындық  көпсалалы аурухана санлынады, медициналық нышандар тапшылығы шешіледі, 10 медициналық мекеме құрылысы жүргізіледі, 12 дәрігерлік амбулатория салынады, 39 медициналық мекеме жөндеуден өткізіледі, дәрігерлердің еңбек ақысы өседі», – деді Рашкуль Оспаналиева.

Расында пандемияға байланысты күрделі эпидемиологиялық ахуал кезеңінде медицина саласына түскен ауыртпалық 2 есеге артты. Стационарлар мен провизорлық орталықтардағы төсек орындардың 96 пайызы науқастармен толды. Бұл өз кезегінде медицина саласына ерекше көңіл бөлу қажет екенін көрсетті.

Партияның бағдарламасында айтылған міндеттер орындалған жағдайда  халықтың өмір сүру ұзақтығы 74,6-дан 77,4 жасқа дейін ұзаратын болады.

Одан әрі ұжым қызметкерлері, ақ халатты абзал жандар өз талап-тілектерін айтып, аталған салада бірқатар кемшіліктер барын  да жасырмады. Соның бірі емхана шет ауданда орналасқандықтан дәрігерлерге кешкі уақытта қатынау мәселесі қиындық тудырып жатыр екен, сондықтан осы бағыттағы қоғамдық көліктер жұмыс реттелсе екен деген ұсыныстар айтылды. Тұрғын үймен қамту жайлы да сауалдар қойылды. Кандидаттар бұл сауалдарға тұшымды жауаптар қатып, ұжым қызметкерлерін алдағы сайлауға қатысуға шақырды.

«Nur Otan» партиясы проблемаларды нақты түсінеді және әр азаматтың мүддесі үшін жұмыс істейтін қуатты ресурстарға ие.

«Nur Otan» партиясы – Қазақстан Республикасының қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия. Ол – еліміздегі жетекші саяси күш! «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіз!

Шымкент қаласындағы «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

Tags: 13kz13kz.kz13кзNur OtanШымкент
Previous Post

«Шолаққорған Су» мекемесінің ұжымы «Nur Otan» партиясын қолдайды

Next Post

Түркістан-Сарыағаш: Ауданның газ мәселесін толық шешу міндеті тұр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі