Арыстықтар қала әкімінің сөзіне мүлдем сенбейтін болған. Өйткені жарылыстан зардап шеккен халық, өзекті мәселеміз әлі күнге шешілмеді деп отыр. Қазақстан көшесінің тұрғындары 5 ай бұрын үйімізді жөндеп бер деп өтініштерін жазып, Арыс қаласы құрылыс бөлімінің жауапты маманына тапсырған. Екі аптадан соң бір жауабы берілетін болып уәделескенімен, әкімдіктен ешкім келмеген.
Эльмира Балғабаева
көпбалалы ана
Бәріміз телефон номер жазып бергенбіз қағазда. Ешкім звондаған да жоқ.Қай жағынан деп те сұраған да жоқ.Сол күйі жоқ болды. Осы көшенің бойында ешкімнің үйіне көмек берілген жоқ.Сол қалпы әлі тұр.
Ал жауаптылар тұрғындардың пікірімен келіспейді.
Ғани Садықов
Арыс қаласы құрылыс бөлімінің бас маманы
Сіздің алдыңыздан қайсысы шыққанын білмеймін, бірақ біраз кісілерді танимын, ол кісілермен жолығып ескерттім де өзім.
Халықтың мәселесі шешілу үшін әкімдіктегілер қаражаттың бөлінуін күтіп отыр екен.
Ғани Садықов
Арыс қаласы құрылыс бөлімінің бас маманы
Ақтөбенің екі фирмасы жұмыс жүргізген ол қазіргі таңда толық қаражатын да алмаған. Ол бойынша да біз сол фирмаларға да тапсырма бергенбіз. Ол ақша түскен кезде шешіп береміз деп уәде берген бізге. Дәл сол көшедегі үйлер бойынша. Енді қаражаты бізде бөлінген жоқ, берілген жоқ соны күтіп отырмыз біз.
Арыс қаласында жарылыстан зардап шеккен тұрғындардың арыз-шағымы тоқтаған емес. Бүлінген үйімізді қалыпқа келтіріп беріңдер деген талаппен Арыс қаласы әкімдігіне 150-ге жуық арыз шағым келіп түскен.
Мұрат Қадырбек
Арыс қаласының әкімі
150 арыз шағым оны көптеп те айтуға болмайды. Бір үйдің жөндеу жұмыстарын жүргізсең белгілі бір уақыттарда дефект шығуы мүмкін. Сондай ахау шыққан нәрседен бас тартып отырған жоқпыз ешқайсысынан, оны істеуге дайынбыз.
Қазақстан көшесіндегі 28-ші үйде қос зейнеткер тұрады. 80-нен асқан ақсақал өздігінен жүріп-тұра алмайды. Қалт-құлт етіп зорға жүрген кемпірі отағасына өзі күтім жасайды. Әжейдің айтуынша, жарылыстан соң жауаптылар жаңа баспана салып беруге уәде еткен. Бірақ ол уәде әлі күнге орындалмаған.
Мейрамкүл Қарашолақова
Арыс қаласы, Стадион мөлтек ауданының тұрғыны
Әйтеуір қалтылдап әрең отырмыз.Сол біздің жағдайымыз.Ешқандай бізге жәрдем болған жоқ. Шалға салам деген нәрсесін оны салған жоқ.Әкімнің өзі келіп, жарылыс уақытында бәрін өзі көрген еді.Одан кейін бізге ешқандай жәрдем болған жоқ. Сол қалпы отырмыз. Мінеки.
Айдар Джакипов екінші топтағы мүгедек. Жарылыстан баспанасы қирап қалған. Бүгінде пәтер жалдап күнелтуде. Әкімшілікке талай рет шағымданса да жергілікті биліктен қайыр болмаған. Шарасыз жігіт жан-айқайын енді Президентке жеткізбек.
Айдар Джакипов
Арыс қаласының тұрғыны
Қасым-жомарт Тоқаевтан сұранамын. Үйді істеп беруін өтінемін. Мүгедек есебіндемін. Мүгедектерге бірінші көмек береді дейді. Бірақ бір адам көмек беріп отырған жоқпын. Арыстың әкімі де басын алып қашады.көмектесіп жатқан жоқ ешкім. Үйім сол күйі қираған күйі жатыр.
Үй мәселесіне бойынша ешқандай көмек берген жоқ. Әкімшілікке барып ұйықтаймыз ба енді қашан істеп бересін үйімді деп?
Арыстағы апаттың аяқталғанына екі жылға жуықтады. Бірақ бұқараның біразы баспанасын бүтіндей алмай шағымдануда. Ал жерігілікті билік жұмысты 100 пайыз бітірдік дейді. Баспана дауына Үкіметтің өзі арласпаса ұзаққа созылатын түрі бар.