13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Транскаспий халықаралық көлік маршрутының үйлестіру платформасы іске қосылды

12 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Транскаспий халықаралық көлік маршрутының үйлестіру платформасы іске қосылды
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Еуропалық комиссия мен Қазақстан іске қосқан жаңа платформа Транскаспий көлік маршрутын Еуропаны Азиямен 15 күн немесе одан аз уақыт ішінде байланыстыратын мультимодальды және бәсекеге қабілетті бағытқа айналдыру мақсатында жұмыс істейді.
ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне ұсынған мәліметке сүйенсек, іс-шара Орталық Азия елдерінің және дәліз бойында орналасқан басқа елдердің, сондай-ақ халықаралық қаржы институттары мен Еуроодақ құрамына кірмейтін G7 елдерінің өкілдерінің қатысуымен өткен.
Көлік министрлігінің басшысы Марат Қарабаевтың айтуынша, көлік инфрақұрылымын дамыту және көлік байланыстарын күшейту өңірлердің экономикалық өсуі мен өркендеуі барысында маңызды рөл атқарады.
«Үйлестіру платформасының құрылуы бізге ортақ мақсаттарға жету үшін күшімізді біріктіруге, тәжірибе мен пікір алмасуға бірегей мүмкіндік береді. Бұл жұмысқа Әзербайжан, Армения, Грузия, сондай-ақ Түркиядан келген әріптестеріміз шақырылғанын атап өткім келеді. Бұл өз кезегінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту бойынша ірі және тұрақты мақсаттарды іске асыру аясында маңызды рөл атқарады», – деп атап өтті ведомство басшысы.
Өз кезегінде Халықаралық серіктестік жөніндегі бас директораттың бірінші дәрежелі кеңесшісі Хенрик Хололей:
«Транскаспий халықаралық көлік маршруты үшін құрылған үйлестіру платформасы Орталық Азия мен Еуропаның арасын жақындатуға бағытталған ынтымақтастығымыз барысында алға жасалған елеулі қадам. Тұрақты көлік байланысы аймақтың экономикалық өсуін және оның Еуропамен байланысын нығайту үшін өте маңызды. Біз серіктестерімізге даму және қоршаған ортаны қорғау мақсаттарына қол жеткізуде қолдау көрсетуге ниеттіміз», – деді.
Еуропалық ұтқырлық және көлік комиссиясы Бас директорының орынбасары Майя Бакран: «Үйлестіру платформасы Транскаспий халықаралық көлік бағытын Еуропаны, Кавказды және Орталық Азияны байланыстыратын мультимодальды және заманауи бағытқа айналдыруға ықпал етеді. Әртүрлі мүдделі тараптардың үйлестіру әрекеттері аймақтың тұрақты экономикалық дамуына үлес қосады», деп өз ойын ортаға салды.
Тұтастай алғанда, платформа аталған дәліздің жұмысын ілгерілетуге және Орталық Азиядағы инфрақұрылым саласындағы басым жобаларды іске асыру жөніндегі күш-жігерді үйлестіруге ықпал ететін болады. Ол сондай-ақ теміржол, жол және порт инфрақұрылымына инвестицияларды ынталандырады және үйлестіреді.

Previous Post

Оңтүстік Корея Қазақстанға «ақылды ферма» технологиясын ұсынып отыр

Next Post

Юн Сок Ёль корейлік компаниялардың еліміздегі газ өңдеу жобаларына қатысқанын қалайды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі