13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Оңтүстік Корея Қазақстанға «ақылды ферма» технологиясын ұсынып отыр

12 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Оңтүстік Корея Қазақстанға «ақылды ферма» технологиясын ұсынып отыр
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Корей бизнес форумында екі елдің ауыл шаруашылығындағы байланысы қалай өрбитінін айтты.
«Ауыл шаруашылығы саласындағы әріптестікті нығайту маңызды. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені әуелден қуатты және біздің ауылшаруашылық өнімдер әлемнің 80-нен астам еліне экспортталады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Қазақстан агроөнеркәсіп кешенін жоғары технологиялық индустрия ретінде жаңғыртуға ниетті екенін атап өтті.
«Бүгінгі келіссөз барысында Корея Республикасының Президенті Қазақстанды „ақылды ауылшаруашылық фермалар“ қағидасына негізделген технологиямен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныс жасады. Менің ойымша, бұл — өте жақсы ұсыныс және біз осы жобаны жүзеге асырумен айналысамыз. Оңтүстік Кореяның ауыл шаруашылығындағы жасанды зейінге, робот техникасы мен биотехнологияға негізделген инновациялық технологияларын енгізуге аса мүдделіміз. Әсіресе тиімділігі жоғары, „ақылды“ жылыжай салу тәжірибесі біздің фермерлердің арасында сұранысқа ие», — деді Президент.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Корей бизнес форумында Kia компаниясына Қазақстанды өз зауытын салатын алғашқы ел ретінде таңдағаны үшін алғыс айтты.
«Автомобиль құрастыру саласында өзара тиімді өнеркәсіп кооперациясы қалыптасты. Қазірдің өзінде Қазақстанда Hyundai маркалы автомобильдер табысты құрастырылып жатыр. Келесі жылы инвестиция көлемі 200 млн доллар болатын, толық тізбекті Kia зауытының іске қосылғанын күтіп отырмыз. Бұл компания өз тарихында алғаш рет Оңтүстік Кореядан тыс аумақта зауыт салуға ақша салып отырғанын, ол үшін дәл Қазақстанды таңдағанын айту керек. Біз бұған разымыз», — деді Мемлекет басышсы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда оңтүстіккореялық көліктердің бөлшектері өндіріле бастайтынын атап өтті.
«Sejong, EHWA, Yongsan, Motrex автомобиль өнеркәсібін дамытудың кезекті сатысына кірісіп, Қазақстанда автобөлшектер өндірісінің кластерін құруды жоспарлап отыр», — деді Президент.

Previous Post

Оңтүстік Корея Президенті Орталық Азия елдеріне бір апталық сапарын бастады

Next Post

Транскаспий халықаралық көлік маршрутының үйлестіру платформасы іске қосылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі