13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«МЕН АНАМЫН, АҚЫНМЫН, ӘЛЕМДІ ОЙЛАР…»

12 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
«МЕН АНАМЫН, АҚЫНМЫН, ӘЛЕМДІ ОЙЛАР…»
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл қазақтың көрнекті ақыны, Халықаралық «Алаш» сыйлығының, «Барыс» және «Парасат» ордендерінің иегері Ханбибі Есенқарақызы 75 жасқа толып отыр. Ханбибі Есенқарақызы 14 көркем әдеби кітаптың авторы. Қарымды қаламгердің өлеңдері бүгінде орыс, украин, қырғыз, өзбек, якут тілдеріне аударылған. Оның «Алтынай», «Нүрикамал», «Қадиша», «Дос іздедім» «Махаббат-өмірлері» сынды өлеңдеріне ән жазылып, халық арасында кеңінен таралған.

Ақынның шығарма¬шылығы тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де кеңінен танымал. Сондықтан болса керек, ме¬рейтойға Өзбекстаннан келген оқырмандар мен қатар жвзушының замандастары мен қаламдастары да құттықтап келіп ақын абыройын одан әрі асқақтата түсті.

Ханбибі Есенқарақызын әділдігі мен өр мінезі үшін халық оны Хан қызындай Ханбибі деп те атап кеткен. Оның шығармаларының қазақ поэзиясында алар орны ерекше.Шынайы мөлдір рухты өлеңдері кез-келген жастағы жанның жүрегін баурап алары анық.
Осы ретте, әр қазақтың бойына бесік жырындай дарыған «Нурикамал» әнінің авторы Ханбибі Есенқарақызымен Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында сыр сұхбат өтті.
100-ге жуық оқырманы мен елге сыйлы азаматтар жиналған жиынның мақсаты Ханбибі Есенқарақызының шығармашылығына ақынның өзімен бірге үңілу. Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев, ақын, Жазушылар одағының мүшесі Сатыбалды Қосалыұлы, жазушы, журналист Шойбек Орынбаевтар тік тұрып, қошеметпен қарсы алды.
Хан қызына көрсетілген құрметтен кем түспейтін халық қошеметінен кейін, ақынның шығармашылығы туралы бейне-ролик көрсетілді. Ханбибі апамыз өзінің өлеңдерінде бүгінгі қоғамдағы кемшін тұстарды қалт жібермейді. Тіпті алда болатын игілікті істерді елден бұрын болжап, өлеңіне арқау еткен.
Іс-шара барысында Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-нің студенттері түйткілді мәселелерді түйреп жазған поэзияды оқып, көпшілікке рухты сезім сыйлады. Сондай-ақ, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Құралай Сәтмұханбетова «Алтынай», «Көңілгүл» атты әндерін орындады.

Previous Post

ҚҰРБАН АЙТТА ҚАНДАЙ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАУ КЕРЕК?

Next Post

ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТЕ БЕС ЖҰЛДЫЗДЫ ҚОНАҚ ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі